- Сен мені сүйесің бе?
- Сүйемін.
- Жан-тәніңмен сүйесің бе?
- Жан-тәніммен сүйемін.
- Ендеше, бас құрап, некелесейік.
- Жалпы бұған қарсы емеспін...
- Онда біздің некелесуімізге көлденең болардай басқа да себеп бар ма?
- Жоқ.
- Ендеше, жүр, некелесейік.
- Жүрсек жүрелік... десе де некеленгесін қайда тұрамыз?
- Әуелі, пәтер жалдап тұрамыз.
- Болсын-ақ, бірақ қайдағы ақшамен пәтер жалдаймыз?
- Жұмыс тауып істейміз де.
- Ол да болады екен. Ал, тамақты қайсысымыз істейміз?
- Шешем тамақты келістіріп жасайды. Әжең де үнемі келіп тұратын болады.
- Жарайды. Сонда біз не үшін үйленеміз?
- Балалы боламыз, оны есейтіп-ержеткіземіз.
- Бала жылап, ес-ақылды алады ғой, күн бойы соған қарап, тамақ берумен кино, концерт көруге де бара алмайтын боламыз.
- Онда балалы болмай-ақ кино, концерт көруге-ақ бара берейік. Бір күшік асырап алсақ болды ғой.
- Кинозалға ит алып кіргізбейді.
- Онда ит баққанды да қоялық. Кино, концерт көруге-ақ бара берейік.
- Осы күнде де кино, концерт көруге бірге барып жүрмейміз ғой.
- Иә.
- Ендеше, некелесіп керегі не?
- Некелессек күнде бірге болатын боламыз.
- Күнде бірге болуды көксеймісің?
- Күнде бірге болсақ, бір-бірімізді ығыр қылып аламыз... Ал жұмыс істесек күнде бірге бола алмаймыз да.
- Былайша айтқанда, біздің жұмыс істеуіміз күнде бірге болу үшін емес болды ғой, солай ма?
- Онда жұмыс істегенді қоялық.
- Жұмыс істемесек, неменеге сүйеніп күн көреміз?
- Онда бірге тұрмыс кешірмей-ақ қоялық.
- Ендеше, пәтер жалдауымыз да қажетсіз болды ғой.
- Мен шешеммен бірге тұра берейін, шешем асымды күнде дайындап беріп тұрады.
- Мен әжеммен бірге тұра берейін.
- Ендеше, некелесуіміздің қажеті қалмады ғой.
- Мен бастапқыда-ақ сөйтейік деп айтпадым ба.
- Солай, некелесу-некелеспеудің біз жөнінен алғанда, нендей айырмасы бар? - Бәрінен маңыздысы - өзара сүйіспеншілігіміз. Сен мені сүйемісің?
- Сүйемін.
- Жан-тәніңмен сүйемісің?
- Жан-тәніммен сүйемін.
Авторы: Левон Исмаилова
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: life.kexue.com