Еңбек демалысына өзіңізбен ала кететін 5 бұйым

Көптен күткен жаздың алғашқы айы қалай өтіп бара жатқанын байқамай да қалдық. Қазір кеңседе отырып, терезенің ар жағындағы жайма шуақ әлемге қарап, еңбек демалысын армандап отырған қаншама адам бар.

Егер сіз де солардың қатарында болсаңыз, біз өзіңіз армандаған демалысқа ала кететін 5 бұйым тізімін жасадық. Ақпараттың сіз үшін пайдалы болары анық. Түртіп алыңыз.

Шомылу киімі 

Кез келген еңбек демалысын көл, ақ құм мен шомылу киімінсіз елестету қиын. Олай болмағанның өзінде кім болса да жаз айларын осылай өткізуді қалайтыны анық. Сонымен, жолға шығарда сәнді шомылу киімін таңдауды ұмытпаңыз. Биылғы жағажай сәнінде олардың гүл және графикалық принтті алыстан көз тартатын түрлерімен қатар, алдында жазуы бар тұтастай бір түсті үлгілері де трендке айналған.  

Жеңіл көйлек 

Термометр +30-дан жоғары температураны көрсетіп тұрғандықтан жазғы көйлектердің ішінде де матасы теріге жағымды әрі жеңіл түрлерін таңдаған жөн. Олар жағажайға ғана емес, сондай-ақ, қаланың ең көркем жерлерін аралап көрі барысында да ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, оның әрқайсысына бөлек киім алып жүретін болсаңыз, еңбек демалысыңыз шабадан тасумен өтетін болады. Осы орайда естеріңізге сала кетейік, биылғы көктем-жаз 2017 топтамаларында мақта мен зығыр маталардан тігілген ассиметриялы көйлектер ұсынылды.

Шолақ шалбар 

Минимализм, асимметрия, графика мен түрлі түс. Биылғы маусымдағы шолақ шалбарлар мен белдемшелердің түрі мен түсінде шектеу жоқ. Қай-қайсысы да сіздің сәнді көрінуіңізге кедергі келтірмейді.  

Әшекей бұйымдар

Жаз мезгілінде тағатын әшекей бұйымдар міндетті түрде флора мен фауна тақырыптарына жақын болғаны жөн. Бұл сіздің еңбек демалысында жүргеніңізді сезініп, әр сәттен ләззат алуыңызға тұздық болады.

Аксессуарлар 

Демалыста аксессуарлардың алар орны ерекше. Күннен қорғайтын көзәйнектер жанарыңызды ультрафиолеттен сақтаса, қалпақ күн өтіп кетпеуіне көмектеседі. Ал, сандалдар аяғыңызға ештеңе кіріп кетпеуіне септігін тигізеді.