11 шілде шоколад күні. Бұл күні бүкіл әлем тәтті және ащы, ақ және қара, сүтті және салындысы бар, қатты және сұйық, ыстық және қытырлақ шоколад жеп, рахатқа бөленетін ең тәтті мерекелердің бірін тойлайды. Шоколад күні салыстырмалы түрде жас мереке. Алғаш рет ол Францияда 1995 жылы тойланды. Шоколад Америкадан ащы сергіткіш сусын ретінде келген болатын. Соңырақ ол Еуропада қою әрі тәтті бола түсті. Ал XIX ғасырдың ортасында шоколад қазіргі тәтті құмарларға таныс плитка түріндегі қатты өнімге айналды. Шоколадты ұнатпайтын адамды өте сирек кездестіруге болады. Бұл өнім тәтті болуымен қатар, бірнеше пайдалы қасиеттерге де ие. Алайда, әрине, әр нәрсенің мөлшерін білу керек. Сонымен: - Шоколад бәріне белгілі депрессияға қарсы өнім. Оның көңілді көтеретін қасиеті бар. Ол шаршағанды басып, жүйке жүйесін бекітеді; - Шоколад зейін қоюдың жоғарылауына ықпал жасайды және миды қоректендіреді; - Шоколад гипертонияны (жоғары қан қысымы) емдеуде қолданылады, инсульт қаупін төмендетеді; - Шоколад теріні ультракүлгін сәуледен қорғайды; - Шоколад калий, магний, фосфор, кальций және темір секілді микроэлементтерге бай; - Шоколад әрдайым тәтті, әдемі, түрлі, мерекелі және көңілді.