Сүйікті балам!
Мен өзіңе: "Сен менің көңілімде бұл әлемдегі ең ақылды, елден ерек баласың, сен үшін мақтанамын", - деген едім.
Алайда, кейде отырып көңілімді уайым басады: сені бұл өмірге әкелгеніммен, бергенім тым аз екен. Сондықтан көзім тірі тұрғанда өзімнің өмірден түйгендерімді саған тастап кетпекпін.
Мұны бәрін мен басымнан өткеріп түйіндеген жоқпын, кейбіреуін тіпті түсініп жетпеймін. Адам өмірі азапты да қысқа, мұнша мол ақыл-парасатты жинақтай алмайды. Бірақ, осының бір кішкене бөлігін көңіліңе тоқысаң, оны өмір жолыңда пайдалана білсең, бақытты болатыныңа сенемін.
Бала кезіңде төсегіңнің қасында отырып аңыз-ертегілерді саған шертіп бергенмін, сонда сен ұйып тыңдап балалық қиялға әбден тоғытылғансың! Ұзақтан бері сол уыздай ұйыған қиялыңды бүлдіргім келмеді, кейде, сен баяғы сол қалпыңда бірінші сыныбыңды оқып, балалық пәк көңілді сақтап өтсе екен деп ойлаймын мен, бірақ, бұл мүмкін емес, енді сен ержеттің, қоғам табалдырығын аттадың, менің уысымнан шығып кеттің. Мен қазір сенің әлгі балғын жүрегің мына қара ормандай жыныс дүниені қайтып көктеп өтер екен деп алаңдай бастадым.
Сені ой-санаңды қаруландырып, жүрегіңді найза, ақылыңды қалқан етіп, егей адамға айналса екен деп тілеймін. Құрғақ ақыл айтқанның онша маңызы жоқ, мен бала кезіңде саған айтқан әңгімем сияқты өмір философиялары арқылы тірлік қағидаларын айтпақпын.
Бұл 101 әңгіме, яғни, 101 өмір қағидасы. Үнемі айтылып жүрген тәлім сияқты немесе тазға тарақтың не қажеті бар деуің мүмкін. Біз шаштың түсіп бітуін күтіп қайтеміз?
Ендеше, бастайық! Осы 101 әңгімені, 101 даналық ақылды оқы!
1-ші АҚЫЛ
Күн көтеріле бере-ақ Африка жазирасындағы хайуанаттар арпалысқа түсе бастайды. Олардың ішіндегі ең шабаны бөкенді қуып жетпесе аштан өлетінін арыстан әбден түсінеді. Ал, ең ұшқыр арыстанды шаң қаптырып кетпесе, оған жем болатынын бөкендер де біледі.
Дүниеге келгенде адам баласының бәрі бірдей. Ортаға қарай кей адам арыстандай жүйрік, кей адам бөкендей шабан болады. Ал, бұл дүниедегі бәсеке мен өмір сүру сайысы барлық адамға ортақ болады.
Сондықтан балам, сен өзгелерден ақылың мен батылдығың арқылы озуың керек, өйтпегенде не аштан өлесің, не басқаға жем боласың. Бұл өмір сүрудің кешірілмес заңдылығы, ондағы қамтылған ақыл-парасатты өмірде пайдалана біл.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: ©Massaget.kz