ҚР Президентінің телерадио кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күнделікті жұмысқа қалай бару керектігі туралы кеңесін жариялады. Егер сен оны жақсы көрсең, кез келген мамандық бақытқа айналады. Қалт жіберуге болмайтын үш сәт бар: жинақы болу қажет, жұмыс істеу керек және сол өз жұмысыңнан ләззат алу керек. Егер дәл осындай мұратпен жұмысқа баратын болсаң, қанағаттанасың. Ал енді оны жек көріп барсаң, ол саған ауырлық тудыратын болса, отырып қайту үшін ғана барсаң, қиын, - дейді Нұрсұлтан Назарбаев бейнематериалда.