Өзін жетілдіргісі, рухани жағынан да, психологиялық жағынан да, материалдық жағынан да өскісі келетін адам белгілі бір қиындықтардан өтуге тура келетінін біледі. Өзінің іштей қынжылып, моральдық тұрғыдан қажитынын да сезеді. Бірақ көп жағдайда, біз осы бір жолды өмірдің келеңсіздіктері деп қабылдап, «қара жолақ» басталды деп жорып жатамыз. Тіпті, осы жайсыз сезімдерге, яғни, бір сөзбен айтқанда, дискомфортқа байланысты өмірдегі өзгерістерден бас тартатынымыз тағы бар. Бірақ, өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, дәл осы дискомфорттың арғы жағында бізге қажетті игіліктің бәрі бар. Сонымен, жалпы алғанда, шамамен 16 жағымсыз әсер. Сіздің өзгерістерге апарар жолда дұрыс таңдау жасағаныңызды көрсетеді.
1. Дискомфорт – өзгерістердің ажырамас серігі
Өкінішке орай, оны біз келеңсіздікке немесе өмірдегі жағымсыз жәйттарға балап жатамыз. Ал негізінен алғанда, жаңа түсініктің қалыптасып, жаңа бір белеске көтерілу үшін, осы уақытқа дейін ой-санаңды шектеп келген біраз сенімдерден арылып, өзіңді алға қарай нақты өзгерістерге ынталандыру үшін, осы бір дискомфортты сезіну кезеңінен өту керек. Дискомфорт — көп жағдайда, өте пайдалы болуы мүмкін өзгерістерге алып келетін аса қажетті белгі.
2. Балалық кездегі үрейді қайта басыңыздан өткеріп жүрген сияқтысыз
Сізд қазіргі ересек кезіңізде бала күніңізде күрескен қорқыныш, үрей туғызатындай проблемаларға тап келіп жүргеніңізді байқадыңыз. Бір қарағанда, жіберген қателіктерден сабақ алмағандай болғанмен, шындығында, Сіз дәл осылай ойлап, дәл осылай істеу себептерін анықтай бастайсыз. Бұның өзі – өзгерістерге алып келер алғашқы баспалдақ.
3. Өзіңді-өзің «жоғалтып» алғандай сезім
Дәл осы сезім негізінен адамның өз өміріне араласа бастауын білдіреді. Сіз өткен өмірді ұмытып, болашаққа мазасызданбай, дәл осы шақта өмір сүріп, дәл осы шақты сезіне бастағаныңыздың белгісі болып табылады. Сіз осы жағдайға үйренбейінше, өз жолыңыздан адасып кеткендей күй кешуіңіз – қалыпты жағдай. Бастысы, бәрі керісінше, өміріңіз енді жаңа реңк алып, жаңа белеске көтерілетінін естен шығармаңыз.
4. Мидың «сол жақ бөлігіндегі» түсініксіздік
Мидың оң жақ бөлігін көп қолдана бастағандықтан (интуиция мен эмоцияға көбірек сеніп), «сол жақ бөліктің» өз мәнін жоя бастағандай болып көрінері хақ. Аяқ астынан ойды жүйелеу, бір нәрсеге көңіл бөлу, ұйымдастырушылық және ұсақ-түйекті есте сақтау сияқты нәрселер Сізге қиындық тудыра бастайды. Эмоция өзін мойындатқысы келгенде, «сыртқа» шығуға құмартады. Ал Сіздің іс-әрекетіңіз – онымен күресуден гөрі, оны мойындау.
5. Ұйқы тәртібінің бұзылуы
Сізді не ұйқы басады, не ұйқыңыз қаша бастайды. Түн ішінде оянып алып, бірдеңе ойыңызға түсіп, ұйықтай алмауыңыз да мүмкін. Сіздің күш-қуатыңыз тасуы да ықтимал. Бірақ кейбір адамдар бұл кезде күш-жігері таусылып, өмірі бұлай шаршамағандай күй кешуі ғажап емес.
6. Өмірдің әдеттегі үрдісінен айыратын жағдайлар бола бастайды
Сіз аяқ-астынан басқа жерге көшуіңіз, тіпті ажырасуыңыз, жұмыстан айрылуыңыз, көлігіңізді соғып алуыңыз сияқты, күтпеген үлкен өзгерістер болуы да әбден мүмкін.
7. Жаныңыз жалғыздықты қалай бастайды
Бір кезде Сіз демалыс күндерін достарыңыздың ортасында өткізу идеясынан бас тартуыңыз ғажап емес. Біреудің проблемасы Сізді қызықтырғаннан гөрі, шаршата бастайды. Бұл Сіздің санаңызда ауқымды өзгерістер басталғанын білдіреді.
8. Эмоцияға толы, ұсақ-түйегіне дейін есте қалатын түстер көру
Егер түсті біз сана-сезіміміздің айтқан әңгімесі ретінде қарастырсақ, онда оның бізге бірдеңе айтқысы келгенін аңғару қиын емес.
9. Достарыңыз азая бастайды
Өмірлік ұстанымы түсініксіз, теріс пікірдегі адамдармен араласу қиындай бастайды. Ол адамдардың басты проблемасы өз пессимизмдерін мойындай білмеуінде, ал Сізге ол туралы тура айту ыңғайсыз. Сондықтан, бірте-бірте ондай адамдардан қашқақтай бастайсыз.
10. Арманыңызды аяқасты еткендейсіз
Мүмкін дәл осы сәтте Сіз өз арманыңызға қарай аяқ басып келе жатқаныңызды сезінбейсіз. Себебі, Сіз армандаған өмірден Сіздің қазіргі жолыңыз апаратын өмір керемет екенін әлі білмеуіңіз мүмкін. Бірақ нәтиженің барлығы осы бір «жайсыздықтың» арғы жағалауында болуы мүмкін.
11. Өз ойыңызды өзіңізге жау көресіз
Сіз адамның ой-санасы оның өмірі мен тәжірибесін қалыптастыратынын түсіне бастайсыз.
12. Өзіңіздің кім екеніңізді білмей, сенімсіздікке бой алдырасыз
Сіздің кім болуым «тиіс» деген соңғы мақсаттарыңыздан айрылып қалғандайсыз. Белгісіздік, беймәлім құбылыстар Сіздің бойыңызға сенімсіздік ұялатады.
Сіз даму үстіндесіз. Бәрі жаман жаққа қарай өзгерген кезде, адам сенімсіздікке ұрынбайды, ашуланып, ешкімге жоламай қояды. Ал егер Сіз сенімсіздікті сезініп, белгісіздіктен мазалана бастасаңыз, бәрі жақсы болады деген сөз.
13. Алдыңызда ұзақ жол тұрғанын түсінесіз
Сіз бұны түсінетін себебіңіз, қайда қарай бағыт алғаныңызды айта аласыз. Бұл дегеніміз, Сіз енді қайда барып, кім болғаныңызды білесіз деген сөз.
14. Білгіңіз келмейтін нәрселерді «білу»
Бұл адаммен бірге бола алмаймын, бұл жұмысты әрі қарай істей алмаймын деген сияқты нақты түсініктер келе бастайды. Мұндай нақты шешімдердің логикалық себептері болмағанмен, көбі оны қабылдамауы мүмкін. Бірақ бұл сана-сезімнің беріп отырған белгісі болуы да ықтимал.
15. Өз атыңыздан сөйлеуге деген талпыныс
Осы уақытқа дейін біреудің артына тығылып, біреудің атынан сөйлеп, өзіңізді шетке қойғаныңыз үшін біраз қынжыла бастайсыз. Бұл кезде адам өзгенің пікірінен бұрын, өзінің не қалайтыны туралы ойлана бастайды. Неліктен осы уақытқа дейін басқа адамдарды ғана тыңдап, өз ойын екінші орынға қойып келгеніне де таңдануы мүмкін. Өз атынан пікір айтып, өзінің ойын ортаға салуға талпына бастайды.
16. Өз өміріңіз бен өз бақытыңыз үшін жауапкершілікті түсіну
Тура осы эмоционалдық дербестік сырттай қорқынышты болып көрінуі мүмкін. Себебі, Сіз енді барлығына өзіңіз ғана жауаптысыз. Бірақ бұл – еркіндікке қол жеткізіп, шынымен де тәуелсіз болудың бір ғана жолы.
Дереккөз: anabol.kz