Дүниедегі ең келісті, сұлу бір жұп

Дүниедегі ең келісті, сұлу бір жұп

Сіз бәлкім, бұл жазбада керемет сурет жасырылып тұрған шығар ойлап, ашқан боларсыз, онда соңына дейін оқып шығуға тырысыңыз!

Бұл жерде келісті ақбоз атты ханзада да, оның ақ көйлекті ханшасы да жоқ!

Егер сіз ата-анаңызды жақсы көрсеңіз, онда тағы да оқи түсіңіз!

Бәлкім сіздің отбасыңыз бақытты шығар, жоқ әлде керісінше ме? Бірақ сіз отбасыңызды сүюге міндеттісіз, өйткені, ата-анаңыздың күндіз-түні бір көруді армандап отырғаны сіз және сіздің отбасыңыз болмақ!

Сіз қазір емін-еркін ғаламторға еніп, қалаған дүниелеріңізді көріп отырсыз. Бәлкім сіздің ата-анаңыз ауылда, маңдайларынан күн өтіп жүрген болар. Даланың аңызғақ желі өңдерін сарғайтқан әке көлік тізгінінде сенің жақсы күн өткізуің үшін жан аямай еңбек етіп жүрген болар.

Cіз жұмысты өте тырысып істейтін болуыңыз мүмкін, көп нәтижелерге де жеткен боларсыз. Өзіңіз үшін жақсы өмір сүру ортасын жасадыңыз. Бірақ мойындауыңыз керек, сізді дәл осы күніңізге жеткізген – сіздің ата-анаңыз! Бәлкім сіз ол кісілерге сондай опалы шығарсыз, оларды көрмегеніңізге де бірталай уақыт болған шығар.

Біздің сізден үміт ететініміз мейлі сіз қай жерде жүрсеңіз де, оларды есіңізден шығара көрмеңіз, ойлай жүріңіз, оларға барып тұрыңыз!

Олар дүниедегі ең келісті, сұлу бір жұп болмаса да, әлемдегі сіздің сүюіңізге татитын бір жұп! Өйткені, мейлі қандай да бір жағдайда тұрсаңыз да, олар сізді қолдайды, сіз үшін бар ынта-пейілдерімен, қан-терімен жұмыс жасайтын адамдар!

 

Авторы: Сұңқар Ақбоз

Сурет: pic.com

M. Auelkhan