- Негізгі бет
- Жаднама
- Досың саған сын...
Досың саған сын айтса
Әйгілі актер фильм жасау үйіне кіру үшін қызу дайындық үстінде еді. Досы оның түймесінің қате түймеленіп қалғанын ескертті. Актер түймесін дұрыстап алғаннан кейін досына рақмет айтты. Досы кеткеннен кейін ол түймені қайта ағытып бұрынғы қалпына келтірді.
Мұны көріп тұрған қасындағы кісі түсінбей, не үшін бұлай істегенін сұрапты. Актер: «Мен бұл фильмде сергелдең кісінің рөлін сомдаймын. Түймені қате түймелеу арқылы бұл сергелдең адамның ұсақ істерге көңіл бөлмейтін болмысын сомдамақшымын», – дейді. Әлгі кісі тағы: «Онда бұл істі досыңызға анық айтып түсіндірсеңіз болушы еді ғой» деп еді, актер: «Досымның ескерткені – оның маған көңіл бөлгені, ол менің күлкіге қалумауым үшін, қызметте қателік өткізіп қоймауым үшін алаңдады. Егер ол маған ескерткен кезде нақты жағдайды айтсам, оның маған жасаған ескертуі құр сөз болып қалады. Олай істесем, досымның көңілін қалдырамын, кейін басқа достарым бұл істі білсе, кім менің кемшілігімді көрсетіп береді? Ол кезде мен тіпті де ырықсыз күйде қалмаймын ба?!», – деді.
Солай, мінсіз адам болмайды. Тек кемелді болуға ұмтылуға ғана болады. Айналамызда қателігін көрсетіп бергені үшін жеккөрінішті болып жүрген адамдар жоқ емес. Басқалардың қателігімізді көрсетіп беруі олардың біз үшін күйінетіндігінен дерек береді. Егер оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырсаңыз, олар екінші рет сіздегі кемшілікті көріп тұрса да айтпайтын болады. Басқалардың қателігіңізді көрсетіп беруіне мүмкіндік беріңіз, осындай бір реткі сын бәлкім өмір жолыңызда маңызды бұрылыс жасауы да мүмкін.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: businessforum.com
M. Auelkhan