Қазақ тілі әлемдегі ең бай, мағына жағынан көрем тіл болса да орнымен пайдалана білмейміз. Тек көркем әдебиетте ғана түбін түсіріп жазатын тілдің күнделікті ауыз-екі сөйлеудегі орнын да дұрыс қолдана алмаймыз. Оған себеп сөздің лесикасына үңілмеу, оның мәні мен парқына бармау. Әрбір сөздің өзіне тән терминологиялық аспектісі, атауы, мағынасы және фонетикалық жағынан айтылу, жазылу ерекшеліктері болады. Осыларды ескере отырып сөйлеуге дағдылансаңыз саналы азамат ретінде көрінесіз. Досым, Дос, Бауырым дейтін сөздерді қазіргі жастар арасындағы ерлер қауымы көп қолданады. Кез келген ортада бірде дос, бірде бауыр дегенін байқаймыз. Ал шындығында екі сөздің айырмасы қандай? Салмағы бар ма? Дос үш әріптен тұратын, өзіне тән қасиеті бар сөз. Қазақ халқы дос деген сөзден гөрі жолдас деген сөзді жиі қолданады. Себебі жолдас сөзінің түбірі жол. Яғни жолда сыр шертетін, үзеңгілес адам дегенді білдіреді. Ал дос сөзі осының екінші жағы деп қарауға болады. Дос өмірдегі ең адал, ең таза, ең жақын бола білетін жанашыр жан. Керек кезде көмегін аямайтын, қасыңыздан табылатын адам. Қазақта достың қадірі туралы мынандай сөз бар: Бір дос бар, мұрныңнан қан шыққанда. Бір дос бар, қораңнан мал шыққанша. Бір дос бар, кеудеңнен жан шыққанша. Үшеуінің мағынасына үңілсек, дос сөзінің де кейде адамға опасыздық жасап, буынсыз жерден пышақ салатынын байқауға болады. Ал бауыр сөзіне келсек, түбірі де бауыр болатын сөздің түпкі мағынасы ағзамыздағы бауырға байланысты атау алған. Себебі адамда бауыр біреу-ақ және ол қайта емделуі қиын мүше. Сол секілді адамның туыстық жағынан келетін бауыры да біреу. Бауырым деп бауырға басудың өзі керемет сезім. Бізе келсін-келмесін досқа да бауыр деп, танысқан адамға да бауыр дейміз. Сөздің киесі, қадірі болады. Ендеше құны әлдеқайда биік тұратын бауыр сөзін кез келген ортада айту үлкен қателік. Бауырым деп бауырған басқан екенсіз, ол сіздің бір бөлшегіңіз болуы керек. Жауапкершілігін сезініңіз. Сол кезде барып қай жерде қай сөзді дұрыс пайдалану керектігін біле аласыз.