Мұндай қалталар ең алғаш 1873 жылы Levi's 501 XX деп аталатын джинстарда пайда бола бастаған. Оның шығу тарихының бірнеше нұсқасы бар.
1. Бесінші қалтаны көбіне бауы бар сағат салып қою үшін пайдаланған. Бірақ ол кездегі қалталар қазіргіге қарағанда әлдеқайда үлкен болған.
2. Ал, басқа бір дерекке сүйенсек, бұл джинсты көбіне алтын іздеушілер киген дейді. Олар бесінші қалтасына кішкентай сомтума алтындарын (жерден шығарылған) салады екен.
3. Солармен қатар, бұл қалта арнайы Zippo оттығын салып қоюға арналған деген нұсқа да бар. Әсіресе, ковбойлар осындай қалтасы бар шалбарды көп киетін болған.