- Негізгі бет
- Жаднама
- Джет Ли ұсынған...
Джет Ли ұсынған өмірдің 5 сабағы
1. Бой ұсынушылық – сенің басты қорғаның
"Айналаңда дұшпандарыңның көбеюіне сенің болмысыңның тұншығуы әсер етеді. Мен ерекше жан емеспін, бар болғаны төбелес өнеріне көп уақытымды арнадым. Енді не істей алатынымды көрсетіп жүрмін. Әлемде дәл осыны жасай алатын адамдар көп".
2. Үйлесімділік күштен де маңызды
«Соғыс өнерінің адамдарға тек ауыртпалық сыйлайтындығын көрсеткен кезімде мұңаямын. Маған, ең жаманы, төбелес еместігін түсіндіру мүмкіндігі бұйырмады. Үйлесімділіктің не екенін таныған кезде ғана кемелдене түсесің. Бұл - инь және янь үйлесімділігін тану, ақ пен қараның шегін ажырату".
3. Бақыт әрдайым сенімен бірге
«Бақытқа жетемін деп алысқа барудың қажеті жоқ. Ол жанымызда, мына тып-тыныш бөлменің ішінде. Барлық қиындық сенің жүрегіңде болғандықтан, өзіңді таны. Өзіңнің жаратылысыңа мән бер. Егер өз әлеміңді таныған болсаң, еш нәрседен қорықпайсың».
4. Өзгенің сен туралы пікірі реңкілі әуен ғана
«Айналаңдағылардың бағалауын радиоқабылдағыштан шыққан сөз деп қана біл. «Сен мықтысың!» Трам-пам-пам. «Сен ақымақсың!». Егер өзгелердің ойы сені өзіңдікінен артық мазалайтын болса, сен үлкен қиындыққа тап болдың».
5. Өлім саған өмір сыйлайды
«Мен өлуге дайынмын. Адам бүгін немесе ертең өлетінін білген кезде өмірдің әрбір тағатын бағалай түседі. Өмірін өкінбейтіндей етіп өткізуге тырысады».
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: вк желісінен
Қ. Бүйенбай