Компьютерде үнемі жұмыс істеудің арқасында көз, омыртқа және қан тамырлары ғана емес, бүкіл ағза зардап шегіп, үнемі шаршап жүреміз. Өзіңізге қалай көмектесуге болады?
"Дисплей синдромы – ХХІ ғасырдың ауруы. Ол ұзақ уақыт бойы статикалық күйде жақын қашықтықта компьютер мониторларымен үздіксіз жұмыс істейтін адамдарда дамиды", - дейді дәрігер Сергей Хомяков.
Дәрігер ХХ ғасырда мұндай ауру түрі не үшін болмағанын түсіндірді.
"Үнемі кеңседе жұмыс істейтін, мегаполисте тұратын адам дисплей синдромының жиі құрбаны болады. Бұрын адамдар мониторда көп уақыт өткізбейтін, сәйкесінше оларда мұндай ұзақ статикалық көру жүктемесі болған жоқ", - дейді офтальмолог.
Дисплей синдромының негізгі белгілері:
• шаршау, өнімділіктің төмендеуі,
• көздің шаршауы,
• фокустау қиындығы және фокусты жақыннан алыс қашықтыққа жылдам ауыстыру,
• заттардың бұлдырап көрінуі,
• көздің түйнеп ауруы,
• көздің қызаруы,
• бас ауруы,
• арқа, мойын, жоғарғы иық белдеуіндегі ауырсыну.
Дисплей синдромынан қалай құтылуға болады?
Ең оңай және сенімді әдіс - күнделікті мониторға қарауды тоқтату. Бірақ бұл көптеген адам үшін жұмыс жауапкершілігі мен жұмысқа орналасу себебінен мүмкін емес.
Жағдайды жеңілдету үшін офтальмолог қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады.
"Сіз қарапайым жұмыс ережелерін сақтауыңыз керек - 20/20/20 - 20 минуттық жұмыс, содан кейін кем дегенде 20 секунд демалыс, оның барысында 20 фут және одан да көп қашықтықты қарау керек. Метрмен есептегенде ол – 6 метрді құрайды. Көзді алыстан жақын қашықтыққа ауыстыру керек, сонымен бірге тұрып, жеңіл дене шынықтыру, кеңсе гимнастикасын, серуендеу керек", - дейді Сергей Хомяков.
Егер сіз көзілдірік немесе линзаларды кисеңіз, оларды офтальмолог ұсынған режимде қолдануды ұмытпаңыз.
Сіз сондай-ақ жұмыс орнының эргономикасына назар аударуыңыз керек - орындықты дұрыс таңдаңыз, оның биіктігін реттеңіз, жұмыс орнында жарық болуын қадағалаңыз. Кеңседе желдетуді ұмытпаңыз - бөлмеде оттегі аз болса, соғұрлым сіз өзіңізді нашар сезінесіз. Дұрыс монитор да маңызды.