- Негізгі бет
- Жаднама
- Диетолог әйел ағзасына...
Диетолог әйел ағзасына ең пайдалы тағамдарды атады
Қауіпті аурулар мен дәрумен жетіспеушілгінің алдын алу үшін күнделікті диетаға дұрыс өнімдерді таңдау маңызды. Әрине, тамақ ерлер мен әйелдерге деп нақты бөлінбейді. Дегенмен, әйел ағзасының жеке қажеттіліктері бар екені ешкімге құпия емес. Диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Инна Кононенко әйелдерге пайдалы өнімдерді атады.
Дәрігер атап өткендей, әйелдер үнемі диетаға сиыр етін, тауық бауырын, сондай-ақ сиыр тілін қосуы керек. Өйткені, репродуктивті жастағы көптеген әйел темір тапшылығына тап болады.
Темір тапшылығының белгілері:
• ауызға шығатын жаралар;
• көлденең сызықтары бар сынғыш тырнақтар;
• сынғыш және түтілген шаш;
• бұлшықет әлсіздігі;
• гипотензия;
• иіске – бояу, ацетон иістеріне тәуелділік;
• ауыздағы дәм өзгереді.
Бауыр мен тіл біздің денемізге жақсы сіңетін темірге бай. Темір өсімдік тағамдарында да кездеседі, бірақ ол нашар сіңеді.
Кононенко "Мәскеу 24" арнасына берген сұхбатында "бауырды асқазан-ішек аурулары диагнозы бар, зәр қышқылының жоғарылауы бар, бүйрегінде тасы бар адамдарға жеуге болмайды" деп ескертті.
Әйеолдер арасында кең тараған тағы бір ауру сүт безі қатерлі ісігі. Оның қаупін азайту үшін дәрігер әйелдерге брокколи, қырыққабат, гүлді қырыққабат, салат жапырақтарын жеуге кеңес береді.
Сосын әйелдер кальцийге бай тағамдарды тұтыну керек. Өйткені, бұл уақытта әйел денесінде эстрогендердің өндірісі төмендейді, соның салдарынан сүйек тінінде кальций аз болады. Кальцийді қырыққабат пен күнжіт тұқымынан табуға болады.
Кальций жетіспеушілігінің белгілері:
• бүкіл дененің ұюы;
• тыныс алу проблемалары;
• төмен қысым;
• сынғыш тырнақтар мен тістер;
• психикалық проблемалар.
Т. Раушанұлы