- Негізгі бет
- Жаднама
- Денедегі татуировка неліктен...
Денедегі татуировка неліктен кетпейді?
Егер сия тері қабатына терең енгендіктен, татуировка кетпейді деп ойласаңыз, қателесесіз.
Татуировка оларды жоюға тырысатын микроорганизмдердің себебінен денеде қалады. Татуировка жасаған кезде сияны ағза жылдам жою керек басқа дене ретінде қабылдайды. Иммунды жүйе сияны жұтатын ұсақ жемірлер (микрофаги) деп атайтын жасушаларды босатады. Алайда олар өз жұмыстарын істеп үлгермейді: сияны жұтқан кезде одан уланып, өліп қалады да, сол жерде қалады. Олардың артынан ұсақ жемірлердің жаңа тобы келеді. Олар сияға толы өлген ұсақ жемірлерді жеуге тырысады, бірақ олар да уланады. Бұл процесс осылайша қайталана береді. Нәтижесінде, денеге салынған татуировканың түсі уақыт өте сәл ағаруы мүмкін, бірақ толықтай кетпейді. Ұсақ жемірлерге сия бөліктерін лазермен жою арқылы көмектесуге болады.
А. Жапатова