- Негізгі бет
- Жаднама
- Денедегі қал мінезден...
Денедегі қал мінезден сыр шертеді
Денедегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы, болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар, пайымдаулар айтылады. Егер денеде неғұрлым қал көп болса, мән-мағынасы да соғұрлым мол әрі алдын ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады.
Дөңгелек қал – бақытты тағдыр кепілі.
Сопақ, созылыңқы қал – сәтсіздік белгісі. Түсі шымқай қара болса,одан да жаман. Енді қалдардың дененің қай жеріне орналасуына орай қалыптасқан ұғымдарға келейік:
Оң жақ шеке – даңқ пен абыройға бөлейтін ақыл-ой.
Сол жақ шеке – күтпеген қылық, дәрменсіздік.
Көздің қапталында – салмақты мінез,сенімділік және ұқыптылық,құнттылық.
Қастың оң жағы – бақыт, бәлкім ерте үйлену.
Сол жағы – қиыншылық, күрес.
Құлақтағы – қатыгездік.
Оң жақ беттің шеті – бақыт,әсіресе некелік өмірде.
Сол жақ беттің шеті – тауқымет, күйзеліс,тыпырлау.
Бет сүйекте – табыс, жол болу, махаббатқа жету.
Ауыз маңы – бақыт, сезімталдық.
Бұғақтағы – денсаулықтың кемтарлығы.
Мұрындағы – үлкен сәттілік, жыныстық мол қайрат.
Тамақтағы – некемен қоса келетін бақ, атаққұмарлық, мақсатқа жету.
Мойындағы – көптеген мақсаттың орындалуы, кейбір үміттің аяқталмауы, алғашқы кездердегі сәтсіздіктің, бірақ түптің түбінде мерейдің үстем болуы.
Білектегі – мұратқа жеткізетін табиғи қабілет.
Оң қолдағы – сәттілік.
Сол қолдағы – қаржыдан қысылу.
Иықтағы қиын – қыстау, күрделі уақыттар.
Көкіректің сол жағы (еркектерде) – сәттілік пен бақыт.
Әйелдерде – қызу қандылық.
Арқада – адалдық, тазалық, мырзалық, сонымен қоса менмендік, өзімшілдік. Егер мең арқаның төменгі жақтарында болса, сезімталдық пен болар-болмасқа ыңылдап, жыламсырай беруге бейімдік.
Қабырғаның оң жағы – қорқақтық, ерігушілік, дарақылық, езбелік.
Сол жағы – дәл солай, тек өзіне ептеген сын көзбен қарау.
Белде – дені сау, күшті балалар болуы.
Санның оң жағы – қайырымды мінез, байлық, отбасындағы бақыт.
Сол жағында – жалғызіліктік, бәрінен айырылу, жарлылық.
Оң жақ тізе – бейқам, шалқағай неке, қаржыны ұстай алмау.
Сол жақ – беймазалық,тынышсыздық.
Аяқтағы – тасып-төгілетін күш-жігер, асқан еңбекқорлық.
Оң аяқтың табанында – сапар шегуге құштарлық.
Сол табанда – сезімталдық, сергектік.
Оң аяқ пен сол аяқта – жалқаулық.
Дереккөз: anabol.kz
@. @assel_assanova