Достар, бізді алда қызықты демалыс күндері күтіп тұр. Алматыдай алып шаһар мерекелік шараларға толы болары анық. Солардың ішінде, сіздің рухани әлеміңізге өзіндік әсерін тигізетін бірнеше шара тізімін жасадық. Әр шара туралы негізгі мәліметтерді қарап шығып, өзіңіздің жаныңызға жақынын түртіп қойыңыз.
NAsia «FromAsia»
17 және 18 наурыз, сағат 21:00
More than Jazz
Музыкаға жан-тәнімен елітетін жандар үшін.
Александр Фишер — гитара
Нукетай — тромбон
Хасан Мамаев — соқпалы музыкалық аспап
Өтетін орны: кафе «Кино», Панфилов көшесі 108
Кіру: тегін
«Апельсин» шеберлік сабағы
18 наурыз, сағат 15:00
Желтоқсан көшесіндегі Time Cafe кафесі сізді акрильді көркем суреттен шеберлік сабағына шақырады. Көктемді қанық түстермен қарсы алыңыз.
Өтетін орны: Time Cafe, Желтоқсан көшесі144
Кіру: 5000 теңге
Әділ Несіпбаев (фортепиано) пен Әмір Бисенғалиев (скрипка)
18 наурыз, сағат 18:30
Жамбыл атындағы филармонияда халықаралық конкурс лауреаттары Әділ Несіпбаев (фортепиано) пен Әмір Бисенғалиев (скрипка) концерті өтеді.
Өтетін орны: Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі 35
Кіру: 2000 теңге
«Риголетто» операсы
18 және 19 наурыз, сағат 17:00
Абай атындағы опера және балет театрында Джузуппе Вердидің 1850-1851 жылдар аралығында жазылған «Риголетто» операсы көрермен назарына ұсынылады.
Өтетін орны: ГАТОБ, Қабанбай батыр көшесі, 110
Кіру: 600 - 5000 теңге
"Театр көктемі – 2017" фестивалінің жабылу салтанаты
18 наурыз М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында сағат 16:00-де "Театр көктемі - 2017" фестивалінің қорытындысы, 17:00-де Хадиша Бөкееваны еске алу кеші өтеді.
Өтетін орны: Абай даңғылы, 103
Кіру: тегін