Иә, байлардың бізден еш айырмашылығы жоқ дегіміз келеді. Бірақ олар демалысты дәл біздей өткізбейтініне осы материалымыздан кейін иланатын боласыз. Сөйтсек, атақты адамдар демалыс күндері де жұмыс күндерінде істейтін ісімен айналыса береді екен. Аристотель былай деген екен: «Ылғи да не істесек – біз солмыз. Мінсіздік, демек, іс-әрекет емес, әдет». Енді сол бақуатты адамдардың 10 кеңесін оқып көріңіз.
Роберт Игер: ерте ояныңыз
Disney студиясының атқарушы бас директоры күн сайын сағат 4.30-да тұрып алады. Жетіскен адамдар сенбі-жексенбі сайын ұйқыны қандырумен айналыспайды. Тіпті 11-ге дейін ұйықтау олардың ісі емес. Ерте тұрып үйреніңіз, сонда ғана сіздің ырысыңыз да, «бір ісіңіз» де арта түспек.
Бенджамин Франклин: жоспарыңыз болсын
Бұл кісі әр таңда өзіне «мен бүгін қандай жақсылық жасай аламын?» деп сауал қоятын болуы керек. Жетіскен адамдар күн сайынғы күйбең тіршіліктің де өмірлік маңызы бар екенін түсінеді. Демалыс күндері де оған кіреді. Әрине, демалыста демалу керек, бірақ бір күнде демалумен өткізу туралы ешкім бұйрық берген жоқ.
Тимоти Феррис: тапсырманың көп болғаны дұрыс емес
Көпшілік адам бір уақытта бірнеше тапсырманы орындап жатып, өзінің өнімді іс тындыратынына сенеді. Бірақ, өкінішке орай, жағдай олай емес. Жетістікке жеткендер көп тапсырманы бір уақытта орындау өнімнің сапасын нашарлатады деп ойлайды. Феррис бір күнге 2 ғана жоспар орындаса жеткілікті дейді.
Анна Винтур: белсенді болыңыз
Vogue журналының бас редакторы күн сайын 1 сағатын тенниске арнауды өзіне жоспарлап алған. Мұндай жоспарды орындап жүрген ол жалғыз емес. Мәселен, Ричард Бренсон да кайтсерфингпен белсенді шұғылданады. Сәттілікке жеткен адамдар белсенді өмір салтының миға жақсы әсер ететінін біледі. Сенбі мен жексенбі спортпен айналысуға таптырмас уақыт.
Стив Джобс: әр нәрсенің байыбына барыңыз
«Заттар маңызды болу үшін әлемді өзгертпейді». Демалыс күндері – бұл естен шығып кеткен жәйттарды, жұмыс пен жеке өмірдің үйлесімін еске түсіретін уақыт. Уақытыңызды достарыңызбен, отбасыңызбен бірге өткізіңіз. Бұл сіздің табысыңызды да, мансап жолыңызды да кереметтей ете алмайды. Бірақ бұл дегеніңіз мұндай маңызды іспен айналыспау керек демейді ғой.
Уоррен Баффет: хоббиге уақыт табыңыз
ХХ ғасырдың үздік инвесторы бос уақытында гавай гитарасында ойнағанды жақсы көреді екен. Көп жағдайда жетіскен адамдар – қызығушылығы бар адамдар. Әркім бұл күні өзінің қызығушылығымен айналыссын.
Опра: тыныштықты сақтаңыз
Forbes басылымы 2013 жылдың ең күшті тұлғасы деп тапқан адам әр күні 20 минуттық тыныштықта отырғанды жөн көреді екен. Қарбалас күндердің өзінде 20 минуттық тыныштық күйзелістен, нашар көңіл-күйден сақтап, дем береді. Ал демалыс күндері сіз уақытыңызды толықтай тыныштыққа арнай аласыз.
Билл Гейтс: ойлануға уақыт табыңыз
Microsoft компаниясын ашқан бай бірде былай депті: «Сәттілікті тойлау – жақсы, бірақ сәтсіздіктерден сабақ алу одан да жақсы». Сол үшін ойлану күндегі әдетке айналуы керек. Ал демалыс күндері өткенге оралып, қателіктерді сараптау арқылы сабақ алуға таптырмас уақыт.
Джек Дорси: келесі аптаға дайындалыңыз
Twitter желісін жасаған адам тәулігіне 16 сағат жұмыс істейді. Ал сенбі күні ол демалады, серуендейді. Ал жексенбі күні ойланып, алдағы уақытқа жоспар құрады. Жетіскен адамдар демалыс күндерінің жетістікке жетуге арналған ең қолайлы уақыт екенін біледі. Дүйсенбі күні күшті соққы беру үшін олар жексенбі күні дайындалады.
Jay-Z: жылдамдықты жоғалтпаңыз
Ең танымал рэпер осыншалықты жетістікке жету сырын бір алған жылдамдығын баяулатпай, тоқтамай, шаршамай жұмыс істей бергенінің кепілі екенін айтады. Тіпті ұйықтағанда да тоқтамау керек дейді ол. Оның ойынша жеті күнде, 24 сағат жұмыс істеу – сәттіліктің кілті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай