Алыс елдерге саяхаттауға шыққан адам бастапқы кезде акклимитизацияға ұшырап, сағат белдеуінің ауысуына байланысты джетлагты бастан кешіруі мүмкін. Джетлаг – ағылшын тілінен jet lag, jetlag – уақыт белдеуі ауысуы синдромы.
Демалыстың алғашқы күндері әлсіздік, бас ауру, енжарлық, шаршағандық сияқты жағымсыз сезімдерді бастан кешіруіңіз мүмкін. Бұл климаттың күрт өзгеруінен болады. Кеше ғана қолшатырдың астына тығылып, жылы жемпірге оранып жүрдік, ал бүгін ыстық құмның үстімен теңіз толқынына қарай ұмтылудамыз.
Акклимитизация мерзімінен тез өту үшін бірнеше кеңесті жадыңызда ұстаңыз.
Біріншіден, демалысты азғантай уақыттық аралықтарға бөлмеуге тырысыңыз. Бір ай ішінде ағзаңыз жаңа жағдайға үйреніп, толыққанды демалыс күйіне еніп үлгересіз. Егер екі апталық демалысқа аттанып бара жатсаңыз, онда акклимитизацияның өзіне 3-5 күн кетеді, ал қандайда бір созылмалы ауруыңыз болса демалысыңыз жағдайыңыздың нашарлауына байланысты құрдымға кетуі де мүмкін.
Екіншіден, есіңізде болсын: күн астында жату мен суға шомылу уақытын қатаң қадағалау керек және оны біртіндеп ұзарту ұсынылады. Ереже бойынша, бір аптадан кейін ғана ағзаңыз бір жарым-екі сағат бойы күн астында жатуға дайын болады.
Үшіншіден, иммунитеті мықты адамда акклимитизация жеңіл өтеді, ал кейбірі тіпті ешқандай жайсыздықты сезінбеуі де мүмкін. Демалысқа шығарда, ағзаңызды жағдайдың ауысуына дайындап алыңыз. Иммунитетті түрлі тәсілдермен мықтауға болады, оның ішінде табиғи иммунокүшейткіш саналатын эхинацея өсімдігінің табиғи шырыны негізінде жасалған препараттың көмегімен. Өсімдіктің шипалы қасиеті иммунал плюс С сияқты препараттармен күшейтілсе, тіпті жақсы. Мұнда эхинацея шырыны басқа да иммунокүшейткіш С дәруменімен толықтырылған.
Бұған қоса, демалыс алдында ғана емес, жылдың кез келген мезгілінде негіздердің негізін ұмытпаған жөн: үйлестірілген тағам, денені шынықтыру, спортпен шұғылдану, белсенді өмір сүру.
Айтпақшы, ағзаның жаңа мекенге үйренісіп кете алмауына тағы тағамдардың жаңа түрі себеп болуы мүмкін. Климаты, азық-түлігі мен ауыз суы да өзге елде ас қорыту жүйесі сыр беріп, асқазан ауырлап, жүрегіңіз айнып, іш кебуі орын алуы мүмкін.
Ішек дисбактериозына ұшырамас үшін саяхатқа шығар алдында линекс сынды пробиотик дәрі-дәрмектерді өзіңізбен ала жүріңіз. Қалай болғанда да, демалыстың бастапқы күндері ағзаңыз жаңа жағдайға үйренісіп кетуіне жағдай жасап, абайлап жүру керек.
Уақыт белдеуінің ауысуы да (джетлаг) ағзаға кері әсер етуі мүмкін. Ол да акклимитизация сияқты бір елден бір елге қоныс ауыстырғанда адамның денсаулығын төмендететіні бар. Көбінесе джетлаг бірнеше уақыт белдеуін шарлап өткенде, ағзаңыз жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты сыр береді. Алайда километр қашықтықтағы аралықтар джетлаг синдромына ұшырата бермейді.
Егер сіз Алматыдан Делиге дейін ұзақ сапар жасайтын болсаңыз, уақыт белдеуінің ауысуынан қатты қиындық көрмеуіңіз мүмкін, өйткені ұшу меридианмен параллель жүргізіледі. Сонымен қатар, танымал испандық демалыс орындарына ұшақпен алты-жеті сағатта жетсеңіз де, олар төрт уақыт белдеуі аралығында орналасқанын ұмытпаңыз. Сондықтан алғашқы күндері күндіз ұйқыңыз келіп, ал кешке керісінше ұйқысыздыққа ұшырауыңыз мүмкін.
Мұндай жағдайда мықты иммунитет – ағзаның сыртқы қолайсыз жағдайларға төтеп бере алуы – уақыт белдеуіне тез үйренісіп кетуге көмектесе алады. Маршрут таңдағанда баратын жеріңізге жергілікті уақытпен кешке жететіндей ойластыруға тырысыңыз: жолдан шаршағандық, физикалық ауырлық уақыт белдеуінің ауысуына қарамастан сізге ұйықтауға мүмкіндік береді. Ұшып келгенде сағаттың тілін бірден жергілікті уақытқа ауыстырыңыз, осылайша сіз физикалық тұрғыда ғана емес, психологиялық тұрғыда да күн тәртібіне тез үйренесіз.
Жаңа ортаға мекендегенде ағзаңызды шаршатпауға тырысыңыз. Басыңыздан күт өтіп кетпес үшін суға түсу, күнге күю процедураларын шамадан тыс алмаңыз. Ал қатты ыстықта көбірек минералды су ішуге тырысыңыз. Ауа температурасы жоғарылаған сайын адам терлеп, ағзаға қажетті ылғалдан арылады.
Сурет: aero7.ru, egofree.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина