- Негізгі бет
- Жаднама
- Демалатын уақыт келді:...
Демалатын уақыт келді: Сізге энергия жетіспеуінің алғашқы белгілері
Перфекционистер барлығын жалқаулыққа жатқызады және өздерін әлсіздік үшін кінәлайды, бірақ қатты шаршағандарын мойындамайды...
Энергия жетіспеушілігінің алғашқы белгілері:
1. Күнде таңертең төсектен ауыр тұрасыз.
2. Сіз үнемі мазасызданасыз және уайымдайсыз, әлемнің бұзылып бара жатқаны жайлы көп ойланасыз.
3. Таңертеңнен ұйқыңыз келіп жүреді, ал көңіл күйіңіз мүлдем болмайды.
4. Кофені өте көп ішесіз, бірақ одан сергек болмайсыз.
5. Әдеттегіден азырақ жұмыс істесеңіз де, тез шаршап қаласыз.
Жоғарыда айтылғандар сізге жақсы таныс болса, сіз де энергия жетіспеушілігі бар, яғни созылмалы шаршаңқылықпен қиналатын адамдар қатарына жатасыз. Мұндай кезде бір-екі күн демалыс алумен проблема шешілмейді. Ендеше, сергектік пен энергияны қалай қайтаруға болады?
Рационды қалыпқа келтіріңіз. Тамақтану жүйелі түрде, үйлесімді және пайдалы болуы керек. Оның ішінде омега-3, омега-6, омега-9 майлы қышқылдарына бай өнімдердің болғаны дұрыс. Сондай-ақ В және С тобының дәрумендеріне бай тағамдарға мән беріңіз.
Ағзаны жылдам қалпына келтіру үшін биологиялық белсенді қоспалар ішіңіз. Алайда оларды ішерде маманның кеңесін алған жөн.
Физиотерапияның түрлі процедуралары — энергияны қалпына келтірудің бір әдісі. Мысалы: гипокситерапия, криосауна және т.б.
Толыққанды ұйықтауға тырысыңыз. Төсекке 23:00-ге дейін жатып, жаңа жұмыс күні алдында күш жинап алуға тырысыңыз. Кез келген жағдайда сабырлы болуға тырысыңыз, көп уайымдамаңыз және ашулана бермеңіз. Оның бәрі денсаулыққа кері әсерін береді: жүйке жүйесі зақымдалады және қартаю процесі жылдам өтеді.
Энергияны қалпына келтірудің ең кең тараған әдісі — спортпен айналысу. Жүйелі түрдегі физикалық жүктемелер барлық қажетті процестерді іске қосады және жасушаларды оттекпен қанықтырады.
А. Жапатова