- Негізгі бет
- Жаднама
- Даудан қалай қашу...
Даудан қалай қашу керек?
Бәріміз білетіндей, дауды шешудің ең жақсы әрі жеңіл жолы – одан қашу. Алайда кейбір жағдайларда өз дегенінен қайтпайтын адамдарға өз пікіріңіз дұрыстығын дәлелдеп, оны сендіруге тура келетін жағдайлар болады. Төмендегі 10 кеңес осындай жағдайда жеңімпаз атануға көмегін тигізеді.
Жинақы және сыпайы болыңыз
Бәрінен бұрын адамның намысымен ойнамаңыз: оны ренжітіп, кемсітудің қажеті жоқ. Бұлай сіз ештеңені дәлелдей алмайсыз. Сосын ол әлемдегі барлық нәрсені теріске шығару (антогонизм) позициясына көшеді. Ал осындай жағдайда адамның бір нәрсеге көзін жеткізу мүмкін емес.
Бірінші кезекте нақты дәлелдер
Алдымен өз ұстанымыңызға қатысты орынды дәлелдер айтып өтіңіз. Ұсақ-түйектен бастаудың қажеті жоқ. Бірден зілді дәлелден бастаңыз, кейін қосымша күш ретінде кішілеріне көшіңіз.
Сенімге ие болу
Өз статусыңыз бен имиджіңізді көтеруге тырысқан абзал: оны жеке тәжірибеңізден білетініңізді және онымен бірнеше жыл айналысып жүргеніңізді, нақты нәтижеге қол жеткізіп немесе әжептеуір ақша тапқаныңыз жайлы дәлелдер келтіріңіз.
Басқа жолға көшіңіз
Мықты қару ретінде мына сөзді қолданыңыз: «Иә, дәл осы жерде сенікі дұрыс, жақсы ой, бірақ мынада мүлдем қателесесің». Адам өз ойына көңіл бөлінгенін сезгенде, қарама-қарсы отырған адамның ойына да құлақ асуы мүмкін.
Оны көтермелеу
Адамды мақтаңыздар! Комплименттер, әсіресе күтпеген жерден айтылған мадақтаулар әрбір адамды қуантары сөзсіз. Ал бұл сізге керектінің нағыз өзі – қарсыласты босаңсытып, ойынан айныту.
Ретті пікір бірлігі
Реттіліктің ережесі: адамға алдымен ол келісіп отырған пікірді айтыңыз (тіпті ол айқын нәрсе болса да), ал содан кейін өзіңіздің көзқарасыңызға көшіңіз. Мұндай жағдайда келісімге келу ықтималдылығы бірнеше есе жоғары.
Әңгімені қауіпті тақырыптарға бұрмаңыз
Жанжалды одан әрі шиеленістіретін және де өзіңіздің әлсіз жеріңіз саналатын тақырыптардан аулақ болыңыз. Егер болған жағдайда, бірден әңгімені бөліп «Әңгімеміз қазір бұл жайлы емес», «Мұның бізге еш қатысы жоқ, іске қатысы бары тек ...» деп айтыңыз.
Әрбір ұсақ нәрсені бақылып отырыңыз
Қарсы отырған адамның әр әрекетін бақылаңыз. Ол сізге көп нәрсені көрсетуі мүмкін. Бейвербалды іс-әрекет – бұл дене күйі, ишарат, мимика. Егер қандай да бір дәлелден соң, адам денесінен оқшау қимыл байқасаңыз, сол дәлелді кеңінен ашып, толық түсіндіріп беруге тырысыңыз. Себебі бұл сіздің ең салмақты дәлеліңіз болғаны және соның салдарынан қарсы сөйлеуші күйгелектеніп отырған болуы керек.
Адамдар пайда мен тиімділікті қалайды
Сіздің айтқандарыңыздың оған өте пайдалы және тиімді екенін, ал оның ұстанымы өзіне түбінде еш нәрсе әкелмейтініне көзін жеткізіңіз.
Күтпеген жерден ілтипат танытып, құрмет көрсетіңіз
Қарсы пікір білдірушіні ентелей тыңдаңыз, тіпті ол сіздің ашуыңызды келтірсе де тыңдаңыз: әрбір адам өзіне көрсеткен құрметті лезде байқайды.