- Негізгі бет
- Жаднама
- Дәрігер шаштың түсуіне...
Дәрігер шаштың түсуіне әкелетін әдеттерді атады
Адамның күн сайын шаш түседі, бұл қалыпты және табиғи процесс. Орташа алғанда адамның күніне 50-100 дана шашы түседі. Бұл біздің сыртқы келбетімізге ешқандай әсер етпейді, өйткені түскен шаштың орны тез арада жаңасы шығады. Бірақ кейде шамадан тыс түсіп жатады. Дәрігердің айтуынша, оған өзіміздегі кейбір әдеттер себеп болады екен.
Шашыңызды ұйықтар алдында жуу шаштың түсуіне алып келеді. Иә, осыған байланысты шаш қатты нашарлайды, сынғыш келеді екен.
"Су шашпен төсекке жатқанда, шаштың құрылымы нашарлайды: олар қатты ұйысып, үзіле бастайды. Себебі, ұйықтағанда біз ары-бері аунаймыз. Нәтижесінде шаш ұйысып, сынғыш келеді", - дейді денсаулық сақтау сарапшысы Макс Стивенс.
Сонымен қатар, су шаш парниктік әсерді тудырады: жастық ылғалданады, бұл бактериялардың өсуіне тамаша жағдай жасайды. Ол түрлі тері ауруларын тудырады.
Енді не істеу керек?
Біріншіден, мақта жастық қаптарын жібекпен ауыстырып көріңіз. Олар тезірек кебеді. Тез сырғиды, осылайша шаштың ұйысуына жол бермейді.
Екіншіден, ұйықтар алдында шашыңызды құрғатыңыз.
"Тағы бір айта кететін жайт, егер салқын бөлмеде ұйықтасаңыз, онда бас ауруы туады (гипотермия)", - деп ескертеді дерматолог.
Ұйықтар алдында кем дегенде 20-30 минут бұрын басыңызды кептірген жөн.
Т. Раушанұлы