"Буындардағы ауырсынудың көптеген себептері бар, бірақ оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: физикалық (табиғи) және клиникалық", - дейді эндокринолог Алексей Жито. Сондай-ақ, түрлі аурумен жұқпалы инфекциялар да буын ауруын тудырады.
Физикалық ауыртпалықтар
Спортпен соның ішінде ауыр атлетикамен көп айналыссаңыз буындар ауыруы мүмкін. Бұл жағдайда бұлшықет-байланыс аппаратының шамадан тыс кернеуі байқалады, нәтижесінде ауырсыну пайда болады. Бақытымызға орай, бұл жағдайда ыңғайсыздықтан құтылу оңай: физикалық белсенділіктің қарқындылығын азайту керек. Егер одан кейін ауырсыну кетпесе, онда сіз міндетті түрде дәрігерге баруыңыз керек.
Ыңғайсыз киім мен тар аяқкиім
Бұл жағдайда ауырсыну белгілі ыңғайсыз киімдерден пайда болады.
"Көбінесе, бұл аяқкиімге қатысты. Аяқкиім аяқты қысады, соның салдарынан тамырда қан айналымы баяулайды, нәтижесінде аяқ ауырады", - дейді эндокринолог.
Буын жарақаттары
Буындардағы ауырсынулар буынды қоршап тұрған бұлшықеттің зақымдалуынан пайда болуы мүмкін.
"Бұл жай ғана құлау, соққы, ыңғайсыз қозғалыс болуы мүмкін, оған сіз тіпті мән бермейсіз", - дейді дәрігер.
Әдетте, зақымдалған буында ыңғайсыздық сезіледі, бірақ кейде ол айналасындағы бұлшықеттер мен тіндерге таралуы мүмкін. Бұл жағдайда мүмкіндігінше тезірек дәрігерге бару керек.
Темір тапшылығы
Көбінесе егде жастағы адамдар, артық салмағы барлар темір тапшылығынан зардап шегеді, бірақ жас адамдар да бұл ауруға шалдығуы мүмкін.
Темір тапшылығына күдіктенуге болатын 10 белгі:
• үнемі шаршау;
• күнделікті әлсіздік;
• бас айналу;
• бас ауырады;
• дене температурасы төмендейді;
• тері сарғая бастайды;
• жүрек тез соғады;
• кеудедегі ауырсыну, ентігу (әсіресе физикалық күш салу кезінде);
• тырнақ сынуы басталады;
• салқын сусындар мен салқын тағамға әуестену.
Қант диабеті
Қант диабеті кезінде де буындар ауырады. Талшықты қалпына келтіру үшін сізге В дәрумендері, Омега-3, липой қышқылы қажет. Бірақ өзін-өзі емдеуге болмайды! Дәрі-дәрмектерді, тіпті дәруменді де дәрігер ғана тағайындай алады.
Жедел инфекциялар
Ең көп таралған түрі – ЖРВИ. Көптеген пациент буындардың ауырсынуына шағымданады. Бұл вирустар мен бактериялардың таралуы кезінде дененің улануымен байланысты, сонымен қатар қабыну процесінің дамуын ескерген жөн.
"Дене қызуы көтеріліп, бас ауруы пайда болса, денедегі ауырсынулар күшейеді. Бұған жол бермеу үшін төсекте жатыңыз. Кейде ЖРВИ кезінде үйде болған дұрыс немесе дәрігер шақыру керек", - дейді Алексей Жито.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер варикоздың алдын алатын 6 әдісті атаған болатын.