- Негізгі бет
- Жаднама
- Данышпанның дәйексөздері ...
Данышпанның дәйексөздері
Алберт Эйнштейн Чарли Чаплинге «Сіздің «Алтын безгек» атты фильміңізді барлығы да түсінеді, көп ұзамай атақты адамға айналасыз» дейді. Ал Чаплин өз кезегінде «Мен сізге әлдеқайда тәнтімін. Сіздің қатыстылық теорияңызды ешкім де түсінбейді, бірақ сіз сонда да атақтысыз» деп жазған екен.
Данышпан физиктің туылғанына 135 жылдың жүзі болды. Сондықтан назарларыңызға Эйнштейннің дәйексөздерін ұсынуды жөн көрдік.
- Тек әлем мен адамның ақымақтығы ғана шексіз. Алайда алғашқысының шексіз екеніне күмәнім бар.
- Бала күнімде аяғымның бас бармағы шұлығымның басын тесетінін байқадым. Сондықтан өсе келе шұлық кимейтін болдым.
- Қиял білімге қарағанда әлдеқайда маңыздырақ. Ол эволюция тудырып, болашаққа бағыттап, әлемді өзіне енгізеді. Ал білім шектеулі ғана.
- Барлығы да оңай. Адамдар мұны жасау мүмкін емес деп ойлайды.
- Достаевский маған кез келген ғалым, тіпті, Гаусстан артық білім береді.
- Өзгелер үшін сүрген өмірді ғана нағыз өмір деп айтуға болады.
- Уақыт барлығы бір уақытта жүзеге аспауы үшін ғана жаралған.
- Егер мен өлетінімді 3 сағат бұрын білгенімде, бұл маған титтей де әсер қалдырмайтын еді. Мен тек осы 3 сағатты қалай өткіземін деп ойлайтын едім.
- Бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдарға немесе заттарға емес, мақсатыңызға бауыр басыңыз.
- Бір нәрсені кітаптан қарай алатын болсам, оны есте сақтаудың не қажеті бар.
- Кез келген жанның нағыз адамгершілігі оның эгоизм секілді қасиеттерін жеңгендігінен байқалады.
- Ұлылыққа жетер бір-ақ жол бар. Және бұл жолда азап міндетті түрде болады.
- Әрбір адам өмірден қанша алса, сонша қайтаруы тиіс.
- Математика – өзімізді алдаудың таптырмас әдісі.
- Әлемді күшпен ұстау мүмкін емес. Оған тек түсіністіктің арқасында ғана қол жеткізуге болады.
- Аз білім мен көп білімнен қорқу керек.
- Ұлтшылдық – бала ауруы. Ол адамзаттың қызылшасы.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет:liveinternet.ru
Қ. Бүйенбай