- Негізгі бет
- Жаднама
- Далада көп ойнаған...
Далада көп ойнаған бала табысқа тез жетеді
Бала кезіндегі қимыл баланы тұлға ретінде сомдап, айналамен түсінісуге мүмкіндік беріп, дамытады. Англияның «Табиғат мәдениетін зерттеу» журналы жариялаған зерттеуде далада көп ойнау балалардың мақсат сезімі мен жасампаздық сенімін арттыратыны жазылған.
АҚШ-тың Мичиган штаты университетінің профессоры Грейтел Виллан мен әріптестері тікелей тәжірибе арқылы балалардың табиғатпен ара-қатынасын зерттеген. Зерттеу нәтижесі бойынша даладағы қимылы көп болған баланың табиғатты сезіну қабілеті дамып, айналадағы өмірге сенімі күшейген. Виллан профессор далада асыр салып ойнайтын балалардың эстетикалық қабілеті де жоғары болатынын байқаған. Апта сайын 5-10 сағат далада ойнаған баланың табиғатты тануы мен сезінуі, қиялдап ойлау қабілеті мен шабыты күштірек дамиды екен.
Сурет: taobaocdn.com
M. Auelkhan