- Негізгі бет
- Жаднама
- Дәл қазір бәрін...
Дәл қазір бәрін бастап кетуге 4 себеп
«Бірдеңе жасау керек еді» деп жүріп қалып қалып қоямыз. Бұл ең жаман әдет. Біз бірдеңеге кіріспес бұрын айтамыз, содан кейін істеуге тырысамыз. Ал айтылған ой орындалмаса ол көшіп басқа біреудің санасына барады. Ақыры кеш қаламыз. Сондықтан сіздерге бәрін бастап кету үшін төрт түрлі себеп ұсынамыз.
1. «Уақыты келсін» дейтін уақыт ешқашан келмейді
Бұл адамдардың ең жаман әрі үйреншікті әдеті. Себебі біз «осы дүйсенбіден бастап бәрін орнына қоямын», «осы демалыста бәрін жасаймын» деп түрлі сылтау айтамыз. Тегінде соның бірі де орындалмайды. Сіз ойлап тұрған дүниені не жасау керек жұмысты сол сәтте жасап тастаңыз. Себебі әр сәттің өзіне тән қиындықтары болады. Бәрі қатар келген кезде шарасыздық танытасыз.
Шындығында өмірде ең керемет сәт пен уақыт болмайды. Яғни жасауға ыңғайлы, бірдеңе тындыруға арнайы уақыт қарастырылмаған. Оны тек бастап кету керек. Нәтижесін ғана ең керек сәтте күте аласыз. Тоқсан тоғыз пайыз еңбек және бір пайыз талантпен келетін жемісті істің жауапкершілігін бүгін сезіне алмасаңыз, сол айтқан дүйсенбі мен демалыс күндері сезіне алмайсыз.
2. Біз ешқашан болашақты болжай алмаймыз
«Ертең», «келесі апта», «жақында» деген сөздерді ұмытыңыз. Бәрін қазір бастап кетіңіз. Себебі сіз көріпкел емессіз. Көріпкел болған күннің өзінде ертең не боларын болжай алмайсыз. Сондықтан бүгін жасалу керек істі бүгін аяқтап тастауға тырысыңыз. Сол кезде ертең артық мәселе туындамайды. Уақыты келген кезде сіз ұрпаққа аманаттап өсиет қалдыратын күн туады. Сол сәтте сіз тек болашаққа жасаған болжамдарыңыз туралы айтасыз ба?! Бұл жағдай орын алмасын десеңіз, кеттік, іске көшелік!
3. Өмірде бір қадамға бүкіл ісіміз тәуелді болады
Шындығында солай. Сіздің ойланбастан, тәуекелге бара отырып басқан бір-ақ қадамыңыз сіздің бүкіл өміріңіздің арнасын өзгертіп жібере алады. Сіз күтпеген тосын жаңалықтар мен жетістіктер орын алады. Өмірде бір қадам баса отырып бүкіл ғасыр бойына аттау керек мағынасыз қадамдардың алдын аласыз. Тәуекелге барудан қорықпаңыз!
4. Сіз өзіңізді керемет сезінесіз, бір сәтке ғана...
Сіз бәрін жобалап, түйінін шығарып тастап ләззатқа батасыз. Бұл әлі істі бастадым деген сөз емес. Қиялдың ішінде орнатып тастаған бір сәттік керемет күй ғана. Ал ол басталған кезде түрлі күйзелістер мен қақтығыстар орын алады. Себебі сіз оймен бәрін жобалап қойдыңыз. Сіз әлі бастаған жоқсыз. Сондықтан бір сәттік керемет сезім үшін бүкіл істің салын суға кетірмеңіз.
М. Ақан