- Негізгі бет
- Жаднама
- Cоңына дейін баруға...
Cоңына дейін баруға 10 себеп
Тілек-ниет болып жатса әрқашан қойылған арман-мақсатқа жетуге болады. Ал ниет-тілек жоқ жерде ешнәрсе істемеу жолында әртүрлі себептерді қарастырып жатасың. Ендеше, бүгін сіздің назарыңызға алға қойған мақсаттың ақырына дейін жетудің, жеңілмеудің 10 түрлі себебін ұсына кетсек дейміз.
* * *
1. Сіз өмір сүріп тұрған кезде, сізбен бірге армандарыңыз да өміршең.
Мына мысалға құлақ түрсеңіз, актердің сахнаға шықпай қалғаны жалғыз ғана себеппен кешіріледі екен - өлімі ғана арашалап қала алады. Демек, әлі күнге өмір сүріп жатқан болсаңыз, дәлірегін айтсақ, деніңіз сау, басыңыз азат болса, алдағы іс-әрекеттеріңізді әруақытта қалай жүргізуге, қалай жасаймын десеңіз де таңдау бар.
2. Реалист болуға тырысыңыз
Бірінші мүмкіндіктен бәрі орындалып жатпаса, әрбір қам-харекет көп еңбек пен көп уақытты алып жататын анық. Ешнәрсе жасап жатпағандар ғана қателеспейді. Сондықтан, күні бұрын қандай да бір нәтижеге жетпес бұрын алда бір емес, бірнеше қателіктер жасауыңыз мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Бұл әдеттегі жағдай.
3. Сіз - керемет теңдессіз адамсыз
Сіз өзіңіз ойлағаннан да әлдеқайда мықты адамсыз. Арманға мақсат қойған жолда кішкене ғана сәтсіздік жолда бөгет болуға жеткіліксіз. Тіпті, олардың қатары мыңға жетіп жататын болса да, тоқтатпауға тиісті.
4. Өзіңізді барынша көп көрсетіңіз
Егер сіз басқалар сияқты атақты болғыңыз келмесе, онда бұл әлсіздік саналады. Бұл демек сіздің берілгендігіңіз, жеңілгендігіңіз туралы айтады.
Шығыңыз сыртқары өмірге, қалған әлемге өзіңізді көрсетіңіз. Сіздің қолыңыздан келіп қана қоймай, орындағыңыз келген арман-мақсаттардың барлығына жетесіз. Берілуге, жеңілуге шешім қабылдаған сәтте сәтсіздікке ұшырайтын боласыз.
5. Сізден бұрын ертеректе біреу-міреу жасап көрген бе?
Егер өзгелердің қолынан мұны жасау келген болса, онда, сөзсіз, сіздің де қолыңыздан келеді деген сөз. Бұл сол бір керемет сәттердің көрінісі ретінде, яғни сіз армандаған нәрсе әлемдегі жалғыз ғана адамның қолынан келгендегі қуаныш көз жасымен сипатталады. Ешуақытта жеңілмеуге, берілмеуге осының өзі жеткілікті деп сеніңіз.
6. Неге ұмтылсаңыз, соған сеніңіз
Өзіңізді өзгенің пікірімен өзгертудің қажеті жоқ. Өмірде сіздің мүмкін емес нәрселерге қол жеткізетіндігіңіз туралы айтатын мыңдаған адамдар табылады. Сол үшін де, ешбір жағдайда өз арманыңызды қиратуға мүмкіндік беріп қоймаңызшы.
7. Сіздің жақындарыңыз бен достарыңыз
Табандылықпен алға жүріп отыру үшін туыс-жақындарыңыз қанатшыларыңызға айналсын. Бір сөзбен айтқанда, шабыттандырып отырсын. Дәлірегі, сізге бар нәрсеге өзге қырынан қарап, көп үреніп, көп ізденіп, бастаған істің ақырына дейін баруға тура келетін шығар.
8. Сіздің жағдайыңызға да жете алмай жүрген адамдар бар
Дәл қазіргі сәтте сізге қарағанда басындағы жағдайы әлдеқайда жақсы адамдар бар. Алыс қашықтыққа жүгіруді көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Ал енді жүгіру тұрмақ, жүре алмайтын жандардың жағдайына еніп көріңізші, паркты бір айналып өту үшін олар бар өмірлерін қияр еді.
9. Айналаңыздағы адамдарды шабыттандырып отыруға тырысыңыз
Кім бұған зәру болса, соларды шабыттандырып отырыңыз. Кім біледі, сіздің ешқашан берілмеген табандылығыңызға қарап, өзгелер бұдан қанаттанып жүрген болар. Кім біледі, өзгелерді қанаттандыра отырып, өзіңіз де берілмеген болсаңыз, сол арқылы бәрі армандарына асыққан болар.
10. Мақсатыңыз көз көрім жерде
Көбіне сіз мойынсына салғыңыз келіп тұрған сәтте, арман-мақсаттар бір-ақ қадым өткелдің артында тұрады. Өз уақытыңыздың кез келген сәтінде өз арман-мақсатыңыздан бір тұтам қыл аралығында тұрасыз.
Мотивация іздеймін деушілерге төмендегі видеоны ұсынамыз!
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: pickcute.com
Л. Лига