Әлеуметтік желіде чат арқылы сөйлесу күнделікті телефонмен сөйлескен секілді әдетке айналып кетті. Тіпті адамдар бір-бірімен телефон арқылы сөйлескеннен гөрі чатта жаза салғанды жөн санайды. Бірақ чатта болатын диалогтардың да адамның жүйкесіне әсер ететін білесіз бе? 1. Сауатсыздық Сөйлесіп отырған адам тырнақшаны () ұмытып кетсе, оған ренжудің қажеті жоқ. Бірақ сауатсыз түрде әріптерді түсіріп не грамматикаға бағынбай жазса бұл міндетті түрде диалогтағы адамға әсер етеді. 2. Мәдениетсіздік Ешқандай аман-сәлем жоқ біреуге бірден қайда барамыз? немесе бізбен барасың ба? деп жаза салу мәдениетсіздікті көрсетеді. Ең дұрысы мән-жайды түсіндіріп барып сұрақ қою керек. 3. Сәлем! Сәлем сөздің анасы. Бірақ кейде адамдар белгілі бір көмек сұрау не жұмыс барысымен жазғысы келсе, сізге сәлем, қалайсыз?, амансыз ба? деп жаза беруі мүмкін. Бұл жағымпаздыққа жақын келуі мүмкін. Сондықтан жұмыс бабымен жазған болсаңыз, амандықтан кейін бірден іске көшіңіз. 4. Бірнеше хатты қатарынан жіберу Сабыр сақтаңыз. Әліпті артын бағыңыз. Сұраққа жауап алыңыз. Әр хат артынан хатты қайта-қайта жолдай бермеңіз. Бұл ешкімге ұнамайды. 5. Аудожазба жіберу Аудиожазбаны жіберместен бұрын мәтін арқылы досыңыздан жағдайын біліңіз. Себебі ол сіздің аудиожазбаңызды тыңдай алмайтын жағдайда болуы мүмкін. 6. 1 жауап 10 сұрақ Хат алмасу кезінде сұрақ қойсаңыз жауабын күтіңіз. Соңынан сұрақтарды жаудырта берудің пайдасы жоқ. Ең ақыры бірде-бір сұраққа жауап ала алмай қалуыңыз ғажап емес. 7. Оқып, жауап бермеу Бұл үлкен қателік. Егер оқуға мүмкіндік болмаса, хатты ашпаңыз. Ал ашып қойған болсаңыз, жауап беріңіз. Бұл да мәдениетке жатады. 8. Жауап тым қысқа болса Жазып жатыр... бағанда көріне бастаған кезде сіз ол көп дүние жазып жатқанын күтесіз. Бірақ 1 минуттан кейін сізге үш-ақ ауыз сөз келуі мүмкін. Сондықтан кейде уақтпен де, жазу барысымен де жұмыс жасау керек. 9. Ок! Ок! сөзін келсін-келмесін пайдалана беретініміз бар. Сондықтан алдымен сөздің мәнін түсініп барып, жауапты ок деп беріңіз. Бұл сыйластықты көрсетеді.