- Негізгі бет
- Жаднама
- Біздің кейбір кемістігіміз...
Біздің кейбір кемістігіміз
Блез Паскальдың тамаша ой-жауһарларынан ұсынамыз:
* * *
Адамдарды кез келген нәрсеге үйретуі мүмкін, бірақ адалдыққа үйретпейді, бірақ соған қарамастан, олар ғылымдығымен емес, тап сол өздерін ешқашан үйретпеген нәрсемен – адалдықпен көзге түсуге тырысады.
* * *
Қос шексіздік, орта. – Егер біз тым жылдам, не тым баяу оқитын болсақ, еш нәрсе түсінбейміз.
* * *
Біздің кейбір кемістігіміз - өзгеден өніп шыққан өскін тәрізді: діңін шауып тастасаң болғаны, ағаштың бұтақтары сияқты түсіп қалады.
* * *
Адамға өтірік айтқаннан еш пайда болмай-ақ қойсын – бірақ бұл енді ол шындықты айтады деген сөз емес: өтірікті жай өтірік үшін ғана айтады.
* * *
Қарама-қайшылықтар. – Адам өз жаратылысына сай сенгіш, сенбейді, именшек, батыл.
* * *
Адамның сипаттамасы: тәуелділік, тәуелсіздікті аңсау, сансыз қажеттілік.
* * *
Адамның жай-күйі: тұрақсыздық, сағыныш, үрей.
* * *
Бізді кез келген болмашы нәрсе жұбатады, өйткені кез келген болмашы нәрсе бізді жабырқатады.
Егер біз көңіл көтерудің мәнеріне бойласақ, адамдардың барлық ісінің мағынасын түсінеміз.
* * *
Адам жүрегі бос қуыс және осы бос қуыстағы кір-қоқыс қаншама!
* * *
Біз соншалықты атаққұмармыз – жер бетін жайлаған барлық адамның барлығының арасында дерлік, тіпті біз бақилық болып кеткеннен кейін келетіндердің арасында да өз даңқымызды шығарғымыз келеді; біз соншалық бос әбігерге әуеспіз – өзімізге жақын бес-алты адамның арасындағы жақсы атымызға масайрап, мәз боламыз.
* * *
Қарама-қайшылық: өз өміріне мән бермеу, болмашы нәрсе үшін өлімге дайын болу – өз өміріне деген өшпенділік.
Әбігерлердің әбігері. – Адамдар өз өмірінің бос әбігершілік екенін мүлдем түсінбей өмір сүретіні соншалық, қадір-құрмет қуудың мағынасыз нәрсе екенін айтқанда аң-таң болып, толық түсінбеген қалып танытады. Бұл ғажап нәрсе емес пе!
* * *
Адамның болмашыға сезімталдығы, ал маңыздыны сезбейтіндігі – қандай қорқынышты!
* * *
Қаншама ел менің бар екендігімнен тіпті бейхабар!
* * *
Өзіңде болғанның барлығын уақыт алып кететінін сезінген қандай керемет!
* * *
Әділдік. – Әйел әшекейі сияқты, әділдік жайлы түсінік те сән ықпалына душар болған.
* * *
Адамның кісілігі туралы оның жекелеген ұмтылыстары бойынша емес, күнделікті істері бойынша бағалау керек.
Адам періште де, жануар да емес, оның бақытсыздығы сол – ол неғұрлым періште болуға ұмтылған сайын, соғұрлым жануарға көбірек айнала бастайды.
* * *
Адам өзін екі тәлімгердің жәрдемі арқасында таниды: түйсік пен тәжірибе.
* * *
Адамның ұлылығы – өзінің түкке тұрмайтынын ұғынатындығымен ұлы. Ағаш өзінің түкке тұрмайтындығын сезінбейді...
* * *
Адамдар ессіз, мұның өзі жалпыға ортақ ереже – ессіз болмау ессіздіктің бір түрі болар еді.
* * *
Біз кемшіліктерімізді көрсетушілерге риза болуымыз керек, өйткені ол мойынсұнуға үйретеді және адамдардың біздің бойымызда жек көруге лайық деп табатын нәрселеріне көзімізді ашады.
* * *
Адам ізгі іс жасап жатқанына сенімді болғанда қаскөйлікті қандай жеңілдікпен әрі масаттана жасайды десеңізші!
* * *
Залымдарды өлтіре отырып зұлымдықты жою мүмкін бе? Бірақ бұл олардың санын көбейту ғой!
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: liveinternet.ru; joyreactor.cc
Л. Лига