Бізді сергітетін кеңестер

Дүйсенбі. Кеш жақындап қалған. Ал сен болсаң жұмыс үстелінде ұйықтап қалудың аз-ақ алдында отырсың. Оның үстіне кешкісін достармен қыдыру керек. Бұған сағат 7-де тұрған адамның күші жетер ме екен? Ендеше, дәрігерлер ұсынып отырған сергіп алудың 7 жолы: 

Тамақтанып алу. Толықтай тамақтанып алған адамдар ұйқыға қайта қойғысы келіп тұрады. Сондықтан таңғы аста бойыңызға күш пен қуат беретін алма жеңіз.  

Жүгіріп алыңыз. Кетіп бара жатқан автобусқа немесе күтіп тұрған достарға дейін жүгіріп барыңыз. Жеңіл жүгірудің қаншалықты маңызды екенін сонда барып білесіз.  

Кофе ішіңіз. Көптеген адамдар екі кеседен артық кофе ішпеу керектігін ұмытып кетіп жатады. Нәтижесінде жайсыз сезінетін болады. 

Жарықты қосыңыз. Бөлме жарығын немесе күн түсуі үшін терезедегі пердені ашыңыз.

Үзіліс жасаңыз.  Бүгінге жұмыс көп пе? Онда 10 минутыңызды өзіңіз бұрын-соңды айналысып көрмеген дүниеге бөліңіз. Сонда барып миыңыз демалып, жаңа ойлардың келіп қалғанын сезінесіз.  

Көп қозғалыңыз. Ұйқыңыз келді ме? Тұрып, ары-бері жүріңіз. Ағзаға әлі ұйықтаудың ерте екенін еске салыңыз.

Қалыпқа келтіретін түс. Дәрігерлердің айтуы бойынша, түс уақытындағы 20 минуттық ұйқы сергектік сыйлайды. Ал егер ұйқыға ден қойып кете беретін болсаңыз, онда сынық көңіл-күймен тұратын боласыз.

сурет:centr-crm.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек