- Негізгі бет
- Жаднама
- Бүкіл әлем бағынатын...
Бүкіл әлем бағынатын заңдылықтар
Босату заңы. Егер сізге жаңа телеяон қажет болса, ескісінен құтылыңыз. егер күндегідей біркелкі тағамдарды жей беруден жалықсаңыз, тоңазытқышыңызды босатыңыз. Ақша да аянбай жұмсаған сайын орайын тауып, бос жерге тола беретінін ескеріңіз.
Айналма заңы. Қалауыңызға жету үшін қолда барды жібере біліңіз.
Елестету заңдылығы. Гүлденіп, көркейіп, мақсатыңызға жетіп жатқаныңызды ойша елестете біліңіз. Мінсіз өтетін күніңізді сипаттап жазыңыз. мұны ешкімге көрсетпеңіз. Қолыңыз қалт еткенде қайталап оқып тұрыңыз.
Шығармашылық заңдылығы. Адам өзі қалаған шыңына ой арқылы, елестетумен, түйсікпен шыға алады.
Сауап заңдылығы. Егер біреуге бір жақсылық жасасаңыз, ол сізге он есе боп қайтады. Ал өзіңіз жақсылыққа кенелгенде, мұны міндетті түрде өзгелермен бөлісіңіз. Сонда жағымды жайлар сізді шыр айналып жаныңыздан шықпайтын болады.
Кешірімділік заңы. Адамдарға деген өкпе-назыңыздан арыла алмасаңыз, босағаңызға келген бақ үркіп кетеді. Жаныңыз жаманшылыққа, қызғанышқа, кқре алмаушылыққа толы болса, тіпті титімдей бөлігі болса да, махаббат жүрегіңізден орын таба алмайды.
@. @assel_assanova