Адам өміріне, осы күніне ризашылық білдіріп, рақмет айтқан сайын жақсы арнаға бұрыла беретініне бәріміз өмірлік тәжірибе арқылы куә боп жүрміз. Ендеше, мына жайттарды кейде елеусіз қалдыруымызға не себеп?
☺ Бүгін сондай сұлусыз. Сенбесеңіз, айнаға қараңызшы. Келбетіңізден кемшілік байқадыңыз ба? Онда айнадан екі метрге қашықтаңыз. Байқалмай қалды ма? Демек, басқалар да аңғармайды.
☺ Қандай адам болғыңыз келеді? Дәл қазір өзіңізді солай ұстаңыз. Бірер күннен кейін еріксіз өзіңіз қалаған кейіпке еніп шыға келесіз.
☺ Бір нәрсені не біреуді ойлатқан мұңды да мазасыз минуттардан арылғыңыз келсе, кітап оқыңыз, фильм көріңіз, әуен тыңдаңыз. Бұл ешқандай мәселенің шешімі бола алмайды, дегенмен жаныңызды жеңіл сезіне бастайсыз.
☺ Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз. Әркімнің жеке тұлғалық қасиеті бар.
☺ Қаламасаңыз, пердені ашпай-ақ қойыңыз. Тура да, ауыспалы да мағынасында...
☺ Кезінде ыңғайсыз жағдайға қалдым екен деп қапаланудың қажеті шамалы, өзгелер мұны әлдеқашан ұмытып кетті.
☺ Егер достарыңыз сізді еш себепсіз елемегендей әсер қалдырса, жай ғана оларға уақыт беріңіз. Дәл қазір барлығы аса маңызды шаруамен айналысып жатқан болар.
☺ Суды көп ішіңіз, жемісті жиі жеңіз, жаттығумен айналысып, көшеде көбірек серуендеңіз. Басыңызда жағымды ойлардан басқасына орын босатпаңыз.
☺ Сіз өзгересіз. Үш жыл бұрын қандай болсаңыз, қазір дәл сондай емессіз. Тіпті үш сағат бұрын да дәл осындай болмадыңыз. Бұл жақсы. Үш сағат бұрынғы қалпыңыз өзіңізге ұнамайтын болса, тіптен жақсы.
☺ Қалағаныңызды алып қалуға тырысыңыз.
☺ Сұрамағанға жауап та жоқ.
☺ Керемет күн жақсы ойдан бастау алады. Бұл сау-саламат оянғаныңызға шүкір ету.
☺ Ең бастысы, бақытты екеніңізді ұмытпаңыз.