Технологияға байланып қалған, смартфонға үңілген адамзаттың бір сәтке болсын табиғатты аңсары анық. Бұл ең алдымен адамның табиғи қажеттілігі. Себебі адам жаралған кезде робот болып жаралған жоқ. Оны жаратқан жаратушы болса, анасы – Жер.
Төмендегі жалғыз орындық мың сезімнің куәсі болмақ. Психологтар адамға жалғыз өзімен қалған кезде міндетті түрде табиғат аясында болғаны жөн деп санайды. Себебі айналаңыз сізбен байланысқа түсе алады. Сізге тіл қатпаса да сізді түсінеді, тыңдайды. Сондықтан болар табиғат аясындағы әрбір сәттің бағасын білген жөн.
Жалғыз қалған сәтіңізде армандарыңызды іске асыру үшін, мақсаттардың орындалуы үшін іштей өзіңізбен жұмыс істеген жөн. Ал оған теңіз таптырмас көмек.