Бір ғана твикс таяқшасы жеткілікті. 45 ауруға шалдықпау үшін күніне қанша қант жеу керек?

Бір ғана твикс таяқшасы жеткілікті. 45 ауруға шалдықпау үшін күніне қанша қант жеу керек?
Фото: vk.com

Қытай мен АҚШ ғалымдары қанттың адам денсаулығына әсері туралы 8,5 мыңнан астам зерттеулерге талдау жасады. Олардың нәтижелері 5 сәуірде The BMJ журналында жарияланған.

Ғалымдар тәттіге құмар адамдардың 45 ауруға шалдығу қаупі айтарлықтай жоғары екенін анықтады, соның ішінде:

• қант диабеті;

• жүрек-қан тамырлары аурулары;

• семіздік;

• гипертония;

• инсульт;

• қатерлі ісік;

• астма;

• кариес;

• депрессия және т.б.

"Бұл зерттеу диетадағы кішкене өзгерістің өзі - шырындар мен газдалған сусындар сияқты артық қанттарды алып тастаудың денсаулыққа үлкен әсер ететінін көрсетеді", - дейді Джордж Вашингтон университетінің денсаулық профессоры, CNN медициналық талдаушысы дәрігер Лиана Вэн.

Қандай қант қауіпті?

Ғалымдар кәмпиттер, кондитерлік өнімдер, жеміс шырындары және соустардағы қант қауіпті екенін айтады.

"Жемістер мен көкөністердің құрамындағы табиғи қанттар біздің денсаулығымызға соншалықты кері әсер етпейді және құрамында талшық сияқты қосымша қоректік заттар бар", - дейді ғалымдар.

Қанша қант жеген дұрыс?

Зерттеушілер тәулігіне жейтін қанттың максималды мөлшері 25 грамм немесе шамамен 6 шай қасық екенін анықтады. Бұл мына тағамдарда кездеседі:

• жарты плитка шоколад;

• твикстің бір таяқшасы;

• 200 г тәтті йогурт;

• сникерстің 3/4 бөлігі;

• бір жарым ас қасық табиғи бал;

• 2 саптыаяқ сыра.

Зерттеу авторлары сонымен қатар қантты сусындарды аптасына (шамамен 200-ден 355 мл-ге дейін) азайтуды ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер кімге мейіз бен құрма жеуге болмайтынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы