Америка Құрама Штаты жылына бақандай 40 түрлі жеміс беретін ағаш жасап шығарды. Бұл жобаны, яғни «40 түрлі жеміс беретін ағашты» жүзеге асырған суретші Сэм Ван Акен болатын. Суретші маңдай терінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
«40 түрлі жеміс ағаш» жаз мезгілінде шие, қара өрік, шабдалы, өрік секілді жеміс-жидектерге толығады. Ван Акеннің өзі қарапайым ауыл фермасында ер жетіп, ағаш бұтақтарының будандастыру технологиясын жетік меңгерген. Кезінде осы технология әдісі арқылы ағылшын маманы алма ағашынан 250 түрлі алма сұрыбын алған екен.
«40 түрлі жемісті ағаш» селекционері мұны ашылған жаңалық ретінде емес, көбіне арт-жоба ретінде қарайтынын айтады. Бұл әмбебап ағашта тіпті тауар айналымында жоқ жемістер де өседі екен.
Оқи отырыңыз:
Бөлме гүлдері
Әуе апаты кезінде тірі қалудың 10 амалы
Қолдан жасалған банкноталарды анықтау жолы
Таза былғарыны тері алмастырғыштан қалай ажыратамыз?
Дайындаған: Нұрмаханұлы Нұрбол
Сурет: www.happynation.info,mirfactov.com