Бөлме қараңғы болуы керек. Онколог дұрыс ұйықтамасақ, қандай қатерлі ісік түрлері дамитынын айтты

Сапалы ұйқы - денсаулықтың кепілі, ол ағзаны әртүрлі патологиялардан, соның ішінде қатерлі ісіктен қорғауға көмектеседі. Мелатонин мен онкологияның бір-біріне қалай байланысты екенін онколог Иван Карасев айтты.

"Ұйықтап алыңыз, сонда бәрі жақсы болады" деген сөзді өміріңізде кем дегенде бір рет естіген болуыңыз керек. Ұйқыны шынымен де, ең тиімді және қауіпсіз дәрілердің бірі деп атауға болады: ол шаршауды, ауыр стресті және бас ауруларын жеңуге көмектеседі. Ал егер адам үнемі жеткілікті ұйықтаса, онда ол өзін жақсы сезінеді және жиі ауырмайды.

"Әдетте, ұйқының жетіспеушілігінен адам енжар тартып, жұмыс қабілетін жоғалтып, тіпті мерзімінен бұрын қартаяды. Алайда, бүгінде ғалымдар ұйықтамай, салдарынан мелатонин гормонының жетіспеушілігі туса, оның қатерлі ісіктің дамуымен байланысы туралы көбірек айтып жатыр", - дейді Иван Карасев.

Мелатонин деген не?

Мүмкіндігінше қарапайым тілмен айтсақ, мелатонин түнгі жұмысшы, «ұйқы менеджері» ретінде әрекет етеді. Бұл гормон циркадиялық ырғақтарға жауап береді және адам ұйықтап жатқанда өндіріледі.

"Ұйқы кезінде айналаның қараңғы болуы мелатонин өндірісінің міндетті шарты болады, ұйықтағанда бөлме өте қараңғы болуы керек", - деп түсіндіреді онколог.

Бөлмедегі ең кішкентай жарықтың өзі, мысалы, жыпылықтаған теледидар шамы гормонның өндірісін тоқтатады және оның өндірісін толық қараңғыда ұйықтаумен салыстырғанда 10 есе азайтуы мүмкін.

Мелатонин қатерлі ісікпен қалай байланысты?

"Ұйқы гормоны" қабынуға қарсы әсерге ие, иммундық жүйені ынталандырады және ерте қартаюмен тығыз байланысты. Мелатонин неғұрлым көп бөлінсе, адам соғұрлым баяу қартаяды.

"Гормон мен қатерлі ісік арасындағы байланыс туралы көптеген зерттеу жүргізілді. Мәселен, біз түнгі ауысымда немесе ауысымдық жұмыс кестесінде жұмыс істейтін бірқатар әйелдердің бүгін күндіз, ертең түнде жұмыс істеген уақытын зерттедік",-  дейді дәрігер.

Түнде жұмыс істейтін әйелдерде қатерлі ісік даму қаупі бар екені анықталды. Оларда мынадай қатерлі ісік түрлері дамиды:

• сүт безі қатерлі ісігі;

• аналық бездер;

• тоқ ішек.

"Бүгінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар емделетін емханаларда мелатонин терапияға қосымша ретінде де қолданылады. Ал мұндай емдеу "ұйқы гормонынсыз" қарағанда тиімдірек нәтиже көрсетеді. Сондықтан оны бағаламау керек", - деп түйіндеді Иван Карасев.

 

Мелатонин пайдасы

Мелатонин – мида жұмыс істейтін гормон. Ол адам ағзасының әртүрлі процестерін бақылайды.

Темекі шегу, алкоголь және бұзылған күнделікті режим мелатонин өндірісін төмендетеді, бұл өз кезегінде, қартаю жылдамдығының артуына, ал әйелдерде менопаузаның басталуына әкеледі.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар бір күн ұйықтамасаңыз, миға не болатынын айтқан болатын.