Бөлме гүлдері

Бөлме гүлдері

Бөлме үнемі сәнді, жинақы және ең бастысы ауасы әрдайым таза болуы шарт. Күніміздің көп бөлігі бөлмеде өтетіндіктен, оның денсаулыққа әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Бөлмеде отырып кітап оқимыз, жеке қасиеттерімізді арттырамыз, шығармашылық жұмыспен айналысамыз, демаламыз. Сол кезде бөлмеде өзімізді неғұрлым жайлы сезінуіміз үшін әдейі гүл өсіретін әдетіміз бар. Назарларыңызға бөлмеде өсірілетін гүл өсімдіктері берілген. Олар сіздің бөлмеңізді тек сәнді етіп қана қоймай, бөлменің ауасын таза күйінде сақтайды.

1. Шеффлера (Schéfflera немесе шатырлы ағаш) — шылым шегетін, я болмаса оттық жиі қолданылатын бөлмеде өсіруге икемделген. Шеффлера мұндай ортаға арнайы будандастырылған болатын. Никотин және шайыр түсетін зиянды бөлшектерді жылдам ауыздықтайды.

2. Алтын түсті сциндапсус (Epipremnum aureum, екінші атауы-Потос) ауаны бензол қалдықтарынан арылтады. Жапырағының жуан келуі ауаны ластайтын түрлі улы заттардан тазалайды. Сциндапсус өте тез өсіп, жиі суаруды талап етпейді.

3. Драцена (Dracaena) формальдегидті залалсыздандырады. Бұл өсімдік формальдегидтен шыққан буланған улы қоспаларды жояды. Ол аз мөлшерде желім, лак, жиһаздарда кездесіп жатады.

4. Хлорофитум (Chlorophytum немесе Топай) жапырағы арқылы ауаға тараған пайдаланылған газды жақсы ұстап, сүзіп алады. Сол себептен бірінші немесе екінші қабатта тұратын тұрғындар үшін өте қажетті өсімдік болып есептеледі.

5. Хамедорея (Chamaedorea elegans немесе бөлме пальмасы) баспахана ауасын жақсы ылғалдандырады. Пластикалық заттардан бөлінетін химиялық улы бөлшектерді зиянсыз етеді.

6. Шырмауық (Hedera helix) – ауа тазартқыш өсімдік. Шырмауықтан бөлінген зат бөлменің ауа-райын оңтайландырады. Оттегі, озон т.б. газды жақсы өңдейді. Бөлменің сән үлгісі үшін ыңғайлы.

7. Фикус Бенджамин (Ficus benjamina) — ауаны тазарту бойынша өсімдіктердің ішінде алдыңғы орынды алады. Ол өзіне формальдегид, бензол және аммиак секілді барлық улы нәрсені сіңіреді. Ауаға көтерілген шаң-тозаңды тез арада басады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлме өсімдіктерін күтіп баптау

Күтімді қажет етпейтін өсімдіктер

Жатын бөлмеге арналған өсімдіктер

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: livandey,www.decorideass.com,www.floralworld.

Н. Нұрмаханұлы