Болгар бұрышының құрамында антиоксиданттар, жасұнық және С дәрумені бар. Оған қоса, олардың құрамы бірдей болса да, түстері әртүрлі. Мұның сыры неде?
Жасыл түсті болгар бұрышы – бұл қызыл, қызғылт сары немесе сары түсті болгар бұрышының әлі жіті пісе қоймаған түрі. Сол үшін басқа болгар бұрыштарына қарағанда сәл ашылау болады. Болгар бұрышының бұл түрін өзге «ағайындарына» қарағанда ерте жинап алады. Ал қызыл және сары түсті болгар бұрышы көп күтімді қажет етеді. Сол үшін олардың бағаларында да айырмашылық болады: жасыл түсті болгар бұрышы сары және қызыл түстілеріне қарағанда арзан.
Қызыл түсті болгар бұрышының құрамындағы бета-каротин өзге бұрыштардан 11 есе көп. Ал сары түсті болгар бұрышында С дәрумені көп.