- Негізгі бет
- Жаднама
- Бөдене жұмыртқасының пайдасы...
Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен зияны қандай?
Бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасына пайдалы баламасы болып саналады. Кейде оны табиғи дәрі және тез өсуі үшін балалар жеу керек деп санайды. Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен қоса зияны қандай?
Құрамы
Бір бөдене жұмыртқасында 0,18 грамм көмірсу, 4,99 грамм май және 5,87 грамм ақуыз бар. Бір қызығы, кішкентай мөлшеріне қарамастан, мұндай жұмыртқа тауық етінен гөрі тойымды. 100 грамм өнімде 168 ккал бар. Ал тауық жұмыртқасының 100 граммында 142 ккал бар.
"Бөдене жұмыртқасы – пайдалы дәрумендер мен минералдардың қоры. Оның құрамында натрий, темір, калий, А дәрумені бар", - деп жазады sabah.
Пайдалы қасиеттері
Құрамына байланысты бөдене жұмыртқасы иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл өнім темір тапшылығы анемиясының алдын алу үшін пайдалы. Бұл жұмыртқа қуатты сақтайтындықтан таңғы асқа таптырмайтын өнім.
Бөдене жұмыртқасы жөтел мен демікпеге де пайдалы. Дауысыңыз әлсіз немесе дауысыңыз қарлығыңқы болса, бұл өнім тамақты қалпына келтіруге көмектеседі. Оны шикі күйінде ғана ішу керек. Күніне бір шикі бөдене жұмыртқасын жеуді әдетке айналдырыңыз сонда тыныс алу проблемаларынан арыла аласыз.
Сонымен қатар, бөдене жұмыртқасында антиоксиданттар бар. Мұндай өнім қан қысымын төмендетуге және жүрекке пайда әкеледі. Бөдене жұмыртқасы жаралар мен кесілген жерлерді тез емдеуге де ем. Сонымен қатар терінің қартаю процесін бәсеңдетуге және майда әжімдерден арылуға көмектеседі.
Бөдене жұмыртқасы көру қабілетіне және ерлердің денсаулығына пайдалы.
Сарапшылар бөдене жұмыртқасын шикі түрінде жеуге кеңес береді: термиялық өңдеу кезінде пайдалы минералдар негізінен жойылады.
Қоректік заттар туралы айтатын болсақ: бөдене жұмыртқасында тауық жұмыртқасынан гөрі магний үш есе дерлік жоғары және 28 пайыз көп темір бар, А дәрумені екі есе дерлік жоғары. Өкінішке қарай, бұл жұмыртқада қан тамырларға зиян келтіретін холестерин екі есе көп.
Бөдене жұмыртқасының зияны
Ал мұндай пайдалы өнімнің кемшіліктері бар. Бөдене жұмыртқасы гипоаллергенді деген пікір бар, бірақ іс жүзінде олай емес. Сондықтан балаңызды бөдене жұмыртқасымен тамақтандырмас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс.
Сонымен қатар, холестерині жоғары және жүрек және қан тамырлары аурулары бар адамдар бөдене жұмыртқасын тұтынуда абай болу керек. Сондай-ақ, бөдене жұмыртқасын шамадан тыс тұтыну бүйрекке әсер етуі мүмкін. Және бұл өнімнің калориясы да айтарлықтай жоғары, сондықтан арықтау үшін оны тым көп жеуге болмайды.
Т. Раушанұлы