- Негізгі бет
- Жаднама
- Біле жүріңіз, керек...
Біле жүріңіз, керек болады
Өмірде біліп жүруге тиіс жайт бар. Бірқатарын тізіп көрейік. Өзіңіздің қойын дәптеріңізге түртіп алсаңыз артық етпейді. Ендеше, мыналар есіңізде болсын!
Жан-дүниені жақсартатын 7 жайт:
1. Әкімдердің шапағаты.
2. Ғұламалардың шариғаты.
3. Байлардың салауаты.
4. Кедейлердің қанағаты.
5. Үлкендердің ұлағаты.
6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтың ар-ұяты.
Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7 нәрсе:
1. Еңбексіз жеген нан.
2. Некесіз болған жан.
3. Боямалы тән.
4. Нашадан бұзылған қан.
5. Темекенің түтіні.
6. Арақтың жұтымы.
7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе:
1. Бір қарағанда өзіңе ұнайтын, өзің жоқта абыройыңа, малыңа сенімді әйел.
2. Жуас, мықты, сені досыңа жеткізетін көлік.
3. Кең әрі қажетті нәрселерге толы үй.
Азамат ерді бақытсыздыққа жетелейтін үш нәрсе:
1. Өзіңе ұнамаған сенімсіз, надан әйел.
2. Жүрмейтін жолда қалдыратын көлік.
3. Күнде-күнде ұрсысатын жаман көрші.
Тек кетпейтін үш дұға:
1. Ата-ананың алғыс немесе қарғыс дұғасы.
2. Мүсәпірдің налыған дұғасы.
3. Аш адамның ашынған дұғасы.
Мынадай 10 түрлі қасиетке ие бол:
1. Өзіңнен ұлық күштілермен ұрыспа
2. Ожар мінезділермен алыспа.
3. Қызғаншақпен мәжілістес болма.
4. Наданмен пікір таластырма.
5. Екі жүзді адаммен дос болма.
6. Жалғаншы жанмен мәміле қылма.
7. Бақылмен сұхбаттас болма.
8. Мінезі жаманмен отырып шарап ішпе.
9. Әйелдермен бір жерде көп отырма.
10. Сырыңды ешкімге айтпа.