- Негізгі бет
- Жаднама
- Бизнеспен айналысуға түрткі...
Бизнеспен айналысуға түрткі болатын заттар – пайда мен мақтаныш
Чарльз Диккенстің формуласы: "Бір жылғы табысың 20 фунт болып, шығының 19 фунт 19 шиллинг және 6 пенс болса - жақсы. Табыс 20 фунт болып, шығын 20 фунт 6 пенс болса - ол кедейлікке бастайтын жол".
* * *
Егер адамдарда өзімшілдік қызығу болмаса, толық қайтарым болуы қиын. Адамның табиғаты солай. "Адам өзі үшін істегенде ғана шын ықыласпен істейді", - дейді Герцен.
Америкада: "Ақылды болсаң, неге бай емессің?" деген мәтел бар. Сауда – күніге сауылатын сиыр.
Бизнес пен байлықты қысқа ғана сөзбен түсіндірер болсақ: Тап, Таны, Игер, Иелен, Тұтын.
Шығыста ертеден келе жатқан мынадай ұлағат бар: "Я, Құдай, маған қолымнан келетін істі атқаратын қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер".
Жайбасар да болма. "Ақырын жүрген сорың сені қуып жетеді, жылдам жүрсең, сен сорыңды қуып жетесің" деген Мұқағали.
Ақша жасау үшін адамға тез қимылдай білу қажет. Ол үшін түрлі жағдайға бейімделе біліп, өз болмысын толығымен бір ғана мақсатқа бағындыру шарт. Тек тынымсыз іздеп, қимылдап, шешім қабылдап, мүмкіндіктерді пайдалана білген адам ғана бизнесмен бола алады.
* * *
"Адамдардың пайдалысы - адамдардаға пайда келтіргендер", - дейді Омар Хайям.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: irinaryzhenkova.blogspot.com
Л. Лига