- Негізгі бет
- Жаднама
- Билл Гейтс кеңес...
Билл Гейтс кеңес береді
Әлемге әйгілі Micrоsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің бүгінде афоризмге айналған 11 кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.
1. Өмір – әділетсіз, осы ақиқатқа көндігуің керек.
2. Сенің ішкі сезімің мен өзіңе деген сыйластығың әлемге керек емес. Әлем сенің сезімдеріңе назар аудармас бұрын сенен белгілі бір нәтижелер күтеді.
3. Мектеп бітіре салған соң саған жылына 40 мың доллар жалақы төленеді деген ойдың орындалуы екіталай. Өзің соған лайық болмай тұрып, лимузині бар компанияның вице-президенті бола алмайсың.
4. Егер оқытушыңды қатал әрі талап еткіш деп ойласаң, онда бастығыңмен таныстықты күт. Оқытушыға қарағанда бастықтың мансабы сенің жақсы жұмыс жасауыңа байланысты.
5. Асханада бургер қуыру абыройсыз жұмыс емес. Ата-бабаң кез келген, тіпті, осы сияқты жұмысты "жақсы мүмкіндік" деп атар еді.
6. Өз сәтсіздіктерің үшін ата-анаңды кінәлама. Уайымдама, сәтсіздіктеріңе қарап сабақ ал.
7. Сен туылғанға дейін ата-анаң қазіргі күндегідей жалықтырғыш болған жоқ. Олар сенің балалық шағыңның жақсы өтуі үшін қолдарынан келгенін жасап, осындай болды. Сондықтан, Амазонканың ормандарын құтқаруға кетпес бұрын өз бөлмеңді жинастыруға тырысып көр.
8. Мектебің жеңімпаздар мен жолы болмаушылар деп бөлушілікті тоқтатса да, өмір тоқтатпады. Кейбір мектептерде нашар баға қою туралы ережені өзгертіп, сан рет тест тапсыруға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл жағдайлар шынайы өмірде болып жатқан нәрселерге қатысты емес.
9. Өмір семестрге бөлінбеген, онда жазғы демалыстар жоқ. Өз "меніңді" табуға көмектесетін адам өте аз, сондықтан, оны өзің қолға алуың керек.
10. Шынайы өмір мен теледидардың ар жағындағы оқиғаларды шатастырма. Өмірде адамдар көп уақытын кофе ішетін жайда емес, жұмыста өткізеді.
11. Оқымыстылармен жақсы қарым-қатынаста бол. Олардың біреуі кейін сенің бастығың болуы мүмкін.
Г. Бакытбекова