Өмір мағынасын түсіндіретін оқиғаларды назарларыңызға ұсынамыз.
* * *
1. Бірде тышқан ферма иесінің тышқанға арналған қақпан қойып жатқанын байқайды. Артынша, бұл туралы тауық пен қой, сиырға айтып барады. Бірақ бәрі бір сөзден аспайды: "Тышқан қақпаны – сенің проблемаң, оның бізге еш қатысы жоқ!".
Кейін әлгі қақпанға жылан түсіп қалып, ферма иесінің әйелін шағып алады. Удың жолын қайтару мақсатында, қожайын әйеліне тауықты сойып, сорпа жасатады. Удың беті қайтпай, әйелі дүние салады. Көңіл сұрап келген қонақтарға ас беру үшін қойды сойғызады. Ең соңында, жерлеу рәсімінде қонақтарды тойдыру үшін сиырды сойысқа жіберген.
Осы уақыттың бәрінде тышқан қабырға тесігінен қарап, ешкімге еш қатысы жоқ қақпан туралы ойлап тұрыпты.
Түйін: Егер Сізге бір нәрсенің тікелей қатысы жоқ болса, онда одан еш зиян жоқ деп ойлмаңыз.
* * *
2. Бүркіт биік ағаш үстінде еш нәрсе істемей, жай ғана демалып отырған болатын.
Кішкентай қоян бүркітті көре кетті де, сауал тастады:
- Менің де Сіз сияқты түк істемей отыруыма бола ма?
- Әрине, неге отырмасқа? - дейді әлгі.
Қоян ағаш астына отырып, демалыс жариялайды. Кенет түлкі пайда бола кетіп, қоянды ұстап алып, жеп қояды.
Түйін: Отырып алып, еш нәрсе істемеу үшін Сіз өте-мөте биікте отыруыңыз қажет.
* * *
3. Жылқы ауырып қалыпты.
Мал дәрігері:
- Егер таңертең тұра алмаса, оған укол салып, өлтіре саламын.
Жылқы ертеңгілік тұра алмай жатыр. Қасында жатқан қой:
- Қанекей, тұрып кет, әйтпесе, сен өлесің!
Оны естіген жылқы төрт аяқтап тұрып кетеді.
Келіп көрген фермер:
- Бұл деген ғажап қой! Мұндайды тойлау қажет! Мұндай қуанышта біздер қой соямыз!
Түйін: Ешқашан өзгенің ісіне бас сұқпаңыз ("Тышқан қақпаны туралы оқиғаны" естен шығармаңыз).
* * *
4. Тастарды аударып жатқан үш адамның біреуінен бір кісі былай деп сұрайды:
- Сен не істеп жатырсың?
Ол маңдайдағы терін сүртіп:
- Азаптанып жатырмын, - дейді.
Екіншісіне жақындап келіп, сұрапты:
- Ал сен не істеп жатырсың?
Қолына шырт түкірген ол:
- Ақша тауып жатырмын, - дейді
Үшіншісінен сұрапты:
- Ал сен не істеп жатырсың?
Ол жоғарыға қарап:
- Мешіт саламын, - депті.
Түйін: Үлкен арман қуған жанның ғана өмірі мағынаға толы болады.
* * *
5. Таксист қаланың атақты миллионерін баратын жеріне алып барып, түсіреді. Әлгі бай тиын-миынына дейін дәл есептеп беріп жатыр дейді.
Жүргізуші болса:
- Мен кеше сіздің ұлыңызды мінгізем, ол маған шай-пұлға 100 доллар тастаған болатын, – депті.
- Енді маған не істе дейсіз? Оның әкесі – миллионер, ал менің әкем – жетім.
Түйін: Ақшаны өз еңбек-күшімен тапқан адам ғана оның бағасын біледі.
Сурет: soulstalker.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек