Байлық – ең басты құндылық емес. Бірақ ақша материалдық құндылығыңызды қанағаттандыру үшін керек. Жағдайыңыз жақсы, көңіліңіз тоқ, өміріңіз алаңсыз өтуі үшін өз қолыңыз аузыңызға еркін жеткені жақсы. Әрине, еңбекпен келген жемістің шырыны тәтті болмақ. Сонымен байлардың кедейлерден қандай артықшылығы бар, осы сұрақ төңірегінде жауап іздеп көрсек.
1. Кедей адамдар «ақша – барлық жамандықтың бастауы» деп түйеді. Ал байлар керісінше «кедейлік жамандықтың түп тамыры» дейді.
2. Байлар «өзімшілдік қалыпты жағдай десе», кедейлер «ол барып тұрған жек көрушілік» дейді.
3. Байлар істің адамы болғанды жақсы көреді. Кедейлер бір кереметті не жаңалықты күтеді.
4. Байлар болашақты ғана ойлауға тырысады. Кедейлер өткені мен бүгінін сараптаумен өтеді.
5. Байлар әр ісінен ләззат алып жұмыс істегісі келеді. Кедейлер өздеріне ұнамайтын жұмысты да істеуге мәжбүр.
6. Байлар ақшаны сақтауды және оны күтуді біледі. Ал кедейлер бәрін шашуға және жаратып тастауға асығады.
7. Байлар Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мамандыққа ғана сай жұмыс істеуге талпынады. Ал кедейлер бастысы «ақша болса болды» деген ұстаныммен жұмыс жасайды.