Жаңа жылды жетістікке жетемін деген мақсатпен бастаған оқырмандарға Уоррен Баффетт ұсынған кеңестер тізімін ұсынып отырмыз. Игілігіңізге жаратыңыз.
Уоррен Баффетт — америкалық кәсіпкер, әлемдегі ең бай салымшы. 2015 жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша оның жағдайы 70 млрд АҚШ долларын қамтиды. Ол “Berkshire Hathaway” жарнамалық инвестициялық қорының басшысы, миллиардерлердің “дәреже бойынша табеліндегі” №1 адам.
1. Кірісті жұмсауға асықпаңыз
Сіз өміріңізде алғаш рет қомақты қаржы тапсаңыз, оны жұмсағыңыз келіп тұрары анық. Ол барлығына тән қасиет. Дегенмен, ондай қате қадамға бармауға тырысыңыз. Оның орнына сол қаржыны белгілі бір тиімді шаруаға салыңыз.
Мен бұл қағиданы жоғарғы сыныптарда оқып жүрген кезімде түсінгенмін. Оқушы кезімді достарыммен бірлесе отырып пинбол ойынына арналған ескі құрылғы сатып алдым. Оны біз шаштаразға орналастырып, сол арқылы ақша таптық. Ал, қолымызға түскен қаржыны басқа жасөспірімдердей бірден жұмсап жібермей, оған басқа пинбол автоматтарын ала бастадық. Осылайша, 26 жасыма қараған шағымда менде $174 000 қаржы, яғни, ақшаның қазіргі құнына шаққанда $1,4 миллион болды.
2. Өзгелердің дегеніне ермеңіз
Басқалардың айтқан сөзіне қарай шешім қабылдамаңыз. Мен салымшылардан $100 000 ақша ала отырып қаржымен жұмыс істей бастаған кезде, көпшілік ісімнің құрдымға кетеріне сенімді болды. Бірақ мен 14 жылдан кейін серіктестікті жауып тастадым. Есесіне сол нарықтан $100 миллионнан астам пайда таптым.
Яғни, белгілі бір қадам жасау барысында жалпы қалыптасқан ережелерге емес, өз ішкі түйсігіңізге бағынған жөн.
3. «Аузыңызды ашпаңыз»
Кәсіппен айналысамын деген адамға «аузын ашып» жүрген жараспайды. Оған мығымдық қажет. Барлық ақпаратты алдын ала жинақтап, тез шешім қабылдап, соған сәйкес әрекет ету керек. Маған қандай да бір ұсыныс түскен кезде, мен үнемі оған қанша қаржы керек екендігін және одан маған қанша пайда түсетінін бірден анықтап аламын. Кейін мүдірмей өз шешімімді айтамын.
4. «Суға түспей тұрып» анықтап алыңыз
Барлық күмәнді сұрақты іске кіріспей тұрып анықтап алыңыз. Әсіресе, қаржы мәселесіне қатысты. Мен бұл тұжырымға да жеке тәжірибемнен келдім. Ол менің пинбол автоматтарын алмай тұрған кезімде болған еді. Бір күні атам досым екеумізге дүкенін жинатты. Біз 5 сағат бойы ауыр жәшіктерді тасып, әбден шаршадық. Жұмыс біткен соң, атам екеумізге бар болғаны 90 цент берді. Мұндай әділетсіздіктен менің көңілім қалды.
5. Бизнесте “ұсақ-түйек” деген ұғым жоқ
Бір танысым дүкеннің тек көше жағын бояған кезде мен таңқалғанмын. Ол осы әрекеті арқылы қалған 3 қабырғаға кететін ақшасын үнемдеп қалған болатын. Өзгелерге “ұсақ-түйек” көрінетін нәрселерден үнемдеудің пайдасы өте зор. Бұл қағиданы көбі ұғына бермейді.
6. Қолда бармен күн көріңіз
Қарызға кірмеңіз. Несие алып миллионер болып кеткен адам жоқ. Мен ешқашан қарыз алып көрмегенмін. Себебі, үнемі ақша табуға тырысып, тек сол қаржыны ғана жұмсайтынмын. Менің кеңесім — тым көп ақша өтемеу үшін несие берушілермен саудаласыңыз. Сондай-ақ, қарызды неғұрлым ертерек қайтарғаныңыз жөн.
7. Табанды болыңыз
Егер сіз табанды болсаңыз, ақша аз болған жағдайдың өзінде, қаржысы жеткілікті адамнан гөрі көп жетістікке жетуге болады. Мысалы, мен 1983 жылы бір компания сатып алдым. Оған себеп компанияның негізін қалаушы адамның іс жүргізу қабілеті болатын. Ресейден көшіп келген эмигрант кішкене дүкенін барлық Американы қамтитын үлкен желіге айналдырған. Бұл – оның табандылығының белгісі.
8. Ойыннан уақытында шығып кетіңіз
Мен жасөспірім кезімде жарысқа ақша тіккен болатынмын, бірақ жолым болмады. Оны өтеу үшін кейін қайта тіктім. Екіншісі де пайда әкелмеді. Ол менің апталық жалақым еді. Дегенмен, мен бар күшімді жиып, енді ақша тікпеймін деп өз-өзіме сөз бердім. Содан ол жаққа аяғымды аттап баспадым.
9. Тәуекелдің құнын біліңіз
Қандай жағдай болмасын өзіңізге «Бұл қандай нәтижеге алып келеді?» деген сұрақ қойыңыз. Тәуекелдің ең жағымсыз салдырын да анықтап алған дұрыс.
10. Жетістіктің мәні неде?
Мен өзімнің байлығыма қарамастан, жетістікті доллармен есептемеймін. Жасым ұлғая келе мен жетістік дегеніміз сен сүйетін және сені сүйетін адамдардың көп болуы екенін ұқтым.