- Негізгі бет
- Жаднама
- Баспалдақ басқанына қарап...
Баспалдақ басқанына қарап адамды тануға болады
Күнделікті тұрмыста адам баласы түрлі әрекеттер жасайды. Бірі ақылға қонып жатса, бірі қонбайды. Адамның ішкі түйсігі немесе сегізінші сезім мүшесі оны түрлі жайттарға апарады. Мәселен іштей сөйлесу, өзін-өзі жегідей жеп, жауабы жоқ сұрақтарға жауап іздеуі секілді. Осылардың ішіне кіретін тағы бір қызық дүние бар. Психологтардың айтуына қарағанда адам баласы әрбір істеп жатқан ісіне кейде ақылмен, кейде санасыз түрде жауап беретін көрінеді.
Сонымен баспалдақты қалай басасыз?
Жоғары шыққан кезде және төмен түскен кезде араға бір баспалдақ тастап шықсаңыз, бұл сіздің асығып тұрғаныңызды білдерді. Бұл көбінесе ересектер жағынан білінеді. Ал жас балалардың бұлай жасауы тек қызық үшін. Ең қызығы араға бір немесе екі-үш баспалдақ тастап шығу адамның өмірдегі жетістікке жетуіне де байланысты. Себебі өзінің алдына қойған мақсатына тез жеткісі келетін адамдарда бұл жағдай жиі орын алады.
Төменге түскен кезде баспалдақтың бәрін қалдырып секіру ол адамның қиындықты тез әрі оңай шеше алатыны жайында хабар береді. Мұндай адамдар жалпы күнделікті өмірде өздерін көңілді ұстайды. Олар үшін өмір – қызыққа толы әлем.
Баспалдақ үстімен түрлі әрекет жасап, аяқтарды айқастырып немесе секіріп шығушылардың және түсушілердің дені бишілер немесе биге қызығатын жандар. Иә, күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ сіз дәл осындай әрекет жасап жүрген болсаңыз, сіз биге құмартасыз. Егер ондай сезім жоқ болса, жай ғана биге деген бір сәттік махаббатты оятып көріңіз, бұл сіздің көрінбей жүрген өнеріңіз болуы да мүмкін.
Баспалдақ бетіндегі дақтарды, тесік-шұрық жерлерді баспай немесе секіріп өтетін адамдардың ішкі түйсігі өте жоғары. Олар бірдеңені сезеді және сол болатын нәрсені сол тесік-шұрық арқылы меңзейді. Әсіресе шағымшыл адамдар бұл дүниеге қатты мән береді. Себебі олардың сезімталдығы жоғары және бұл дүниені жүрекке жақын қабылдауы мүмкін.
Баспалдақты санап түсетіндер немесе шығатындар есепке байланысты мамандық иелері. Олар тек қана баспалдақты емес, оған қатар жағалай орналасқан темірлерді де санауды қызық көреді. Бұл санмен көп жұмыс жасайтын адамдардың санасында қалыптасып қалған шартты рефлекс үрдісі.
Баспалдақты асықпай әрі әрбірін қалт жібермей басатын жандар не жұмыстан шаршап келе жатқандар, не бастық болуға дайындақ жасап жүрген жандар. Себебі олар өмірдегі әрбір қадамын аңдап басып үйренгендер. Енді бастық болуға ұмтылған сәтте бір нәрсені қалт жібермес үшін бәріне мән беріп қарайды.
Сіз баспалдақты қалай басасыз?