Көпшілігіміз инсульт туралы көп естідік және тіпті оны анықтайтын кейбір белгілерді атай аламыз. Бірақ инсульттің белгілері ишемиялық (тамырдағы қан ұйығышына байланысты) немесе геморрагиялық (қан кетуге байланысты) болып көріне бермейді.
Аурудың дамуымен сөйлеудің, ойлаудың айқын бұзылыстары болмауы мүмкін, өзгерістер КТ немесе МРТ арқылы анықталады. Бірақ мұндай жағдайдың қаупі кәдімгі инсульттан кем емес. Невропатолог Татьяна Воронцова инусльттің білінбейтін белгілерін атады.
Білінбейтін инсульт жасырын жүреді
Кейде бірінші инсульт адам үшін байқалмай қалады. Бірақ одан кейін ешқандай шара қолданылмаса, емделмесе, алдын алу шаралары қабылданбаса, денсаулыққа, тіпті өмірге қауіп төнеді. Білінбейтін инсульттің айқын белгілері болмағандықтан ары қарай науқас ем қабылдамайды.
Бірақ мида инсульт салдарынан басқа процестер басталады, соның салдарынан неврологиялық функциялар зардап шегеді, бұл өз кезегінде деменцияға әкелуі мүмкін.
Симптомдар мүлдем жоқ па?
Дәрігерлер кейде оларды лакунар деп атайды, олар әдетте мидағы терең аймақтарды зақымдайды. Егер зақымдану мидың маңызды функциялар аймағы жоқ бөлігіне әсер етсе - сөйлеу, есте сақтау, көру, бұлшықет тонусы, зардап шекпейді. Сондыөтан инсульт болды деген түсінік болмайды.
Мұндай кезде дұрыс диагноз жасалмайды. КТ немесе МРТ оны 100% сенімділікпен анықтай алады, суреттер жасушалар өлген ми ошақтарын көрсетеді. Бірақ мидағы лакунарлы зақымдануларды ауру күні де, бірнеше айдан немесе жылдардан кейін де анықтауға болады.
Неге назар аудару керек?
Жоғары қысымның фонында бас ауруы болуы мүмкін, бас айналу - бұл қан тамырлары проблемаларын көрсете алатын белгілер, бірақ бұл инсульттің айқын белгілері емес. Бірақ егерде дененің бір жартысында бұлшықеттердің ұюы мен әлсіреуі, сөйлеу қиындығы, беттегі өзгерістер болса - бұл инсультті көрсетуі мүмкін.
Неліктен мұндай білінбейтін инсульттар пайда болады?
Көбінесе инсультті тудыратын мидағы шағын артериялардың зақымдалуы - "микроангиопатия" деп аталады. Оның салдарынан тамыр тарылады, миға қан ағымы қиындайды, сондықтан жасушаларға оттегі, глюкоза және басқа қоректік заттар өте аз жеткізіледі.
Тамақтану мен оттегі өте төмен болған кезде жасушалар өле бастайды, зақымдалған артериялардың айналасында, олар қоректенетін мидың сол аймақтарында некроз ошақтары пайда болады.
Кім бірінші алаңдауы керек?
"Үнсіз" инсульттің ықтимал даму қаупі тобына отбасында жүрек ауруы, қан тамырлары, инсульт немесе инфарктпен ауыратындар көп адамдар кіреді.
Олардан басқа:
• созылмалы гипертензия;
• бас айналудан зардап шегетіндер;
• мойын тамыры ауырса;
• холестериннің жоғары деңгейі тамырлардың зардап шегуіне әкеледі, ол инсульт қаупін туғызады;
• созылмалы ауруы бар және қант диабеті.
Бұл адамдардың барлығы дәрігерге үнемі баруы керек, ол ұсынатын барлық зерттеулерді жүргізіп, емдеуді тағайындағаннан кейін ұсыныстарды қатаң сақтау керек.