Бас ауруын жылдам кетіретін 3 әдіс

Бас ауруымен әрбір адам таныс. Ол кез келген уақытта пайда болады және бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Бұл жағымсыздық жұмыспен қатысты маңызды жоспарларды бұзып жіберуі мүмкін. Себебі бас ауырғанда анық ойлау мүмкін емес. Басың ауырып тұрғанда жақындарыңмен де демала алмайсыз. Бұл проблеманың бірнеше қарапайым шешімі бар.

Бас ауруының көптеген себебі бар: кейде ол медициналық аурулардың салдарынан, сондай-ақ жиі күйзеліс, сусыздану, ұйқысыздық немесе физикалық артық күш түскеннен де болуы мүмкін.

Егер өзіңізден созылмалы бас ауруын байқасаңыз, ұйқы режимін реттеу, көп уақыт отыратын бөлмені жиі желдету және ең болмағанда күніне бір рет далаға серуендеу маңызды. Сондай-ақ дұрыс тамақтану керек, себебі бас ауруы ағзаның микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспеуінің белгісі болуы мүмкін. Бұлар ұзақ уақыт бойы сақтау керек базалық ережелер.  Бірақ кейде одан жылдам арылу керек болады.

Тыныс алу жаттығулары

Терең тыныс алу біздің ағзамызға физикалық, психикалық және эмоциялық қайта жүктеу ретінде әсер етеді. Биологиялық жағынан ол оңай түсіндіріледі: ауаның максимум көлемін алған кезде альвеолалар (өкпедегі үлпілдек қап) толып кетеді де, миға біздің ағзамыз өмірлік маңызы бар затпен толықтай қамтамасыз етілгені жайлы белгі береді. Содан бізде қауіпсіздік пен жайлылық сезімі пайда болады, бұлшықеттер тонусқа келеді және бас ауруы кетеді. Бас миына оттек келуін арттыру үшін былай істеңіз: ішті тартып, көкірек қуысын кеңейтіп, мұрынмен жай тыныс алыңыз. Барынша денені босаңсытуға тырысыңыз. Ауызбен жайлап тыныс шығарыңыз. Осыны 10 рет қайталаңыз.

Ароматерапия

Бас ауруын жылдам кетіретін тағы бір әдіс — эфир майларын қолдану. Эвкалипт, гүлшетен, сандал, лаванда, жалбыз және түймедақ эфир майлары жүйке жүйесін тонусқа келтіріп, жағымсыздықты бірнеше минутта кетіреді. Бірнеше тамшы эфир майын саусақ ұштарына жағып, тыныштандырушы хош иісті шығару үшін аздап уқалаңыз. Содан соң бастың ауырып тұрған жерлеріне саусақтармен массаж жасаңыз. Егер бүкіл басыңыз ауырып тұрса, самай мен желкеге массаж жасаңыз.

Басқа арналған нүктелік массаж

Бас ауруын акупрессура деп аталатын массаж жасау арқылы жылдам кетіруге болады. Бұл кез келген жерде жасауға болатын нүктелік массаж. Жұмсақ айналмалы қозғалыспен мына жерлерге массаж жасау керек: екі қастық ортасында тұрған нүкте, содан соң қастың асты. Содан кейін мұрынның екі жақ ұшын және құлақтың артындағы бас бөлігіне массаж жасаңыз.