Қайырымды істердің қай уақытта жасалу керектігін білесіз бе? Білмесеңіз, уақытпен санаса отырып, орындалар шаралар:
Электронды почтадан хабарлама жіберуге ең оңтайлы уақыт:
6:00 (болжамға сенсек, онда сіздің хабарламаңыз міндетті түрде оқылуы тиіс)
Ойланып-толғанатын ең оңтайлы уақыт: ертеңгілік уақыт.
Креативті ойлауға ең оңтайлы уақыт: түскі астан соң адамның ойлау жүйесі жандана түседі. Ой дауылын 14:00-де қозғай бастау керек.
Белгілі бір іспен хабарласатын ең оңтайлы уақыт: таңертеңгілік уақытта (телефон желісі қиындық тудырмайды)
Кафеге баратын аптаның ең оңтайлы күні: сейсенбі (осы күні жақсы тағамдар жасалады-мыс)
Ұшақ рейсін қарайтын ең оңтайлы күн: сенбі (кезек күттіру ұзаққа созылмайды)
Рейске шығатын ең оңтайлы кез: түскі уақытта (қалған уақытта әуежайда қарбалас болып кетуі мүмкін)
Хирургиялық операция жасайтын ең оңтайлы уақыт: таңертеңгілік уақыт (осы уақытта болған операциялардың көпшілігі сәттілікке ұласқан)
Физикалық жаттығу жасайтын уақыт: 18:00 – 20:00 (физикалық белсенділік артатын кез, өз күшіңді танытатын уақыт)
Махаббатқа оңтайлы уақыт: 22:00 – 01:00 (осы уақытта адам терісінің сезімталдығы арта түседі екен).
сурет:.huffingtonpost.com; fotogallery.doctissimo.it
Дайындаған: Фараби Арыстанбек