- Негізгі бет
- Жаднама
- Бәрін шешетін –...
Бәрін шешетін – «бүгін»
Өткенге үңіліп, бүгінмен өмір сүріп, келер күнге үміт арту керек.
Біздегі қоғамның ең үлкен қателігі ертең үшін өмір сүру. Әрине, ертең үшін өмір сүру деген сөз ұрпақ қамын жасау болар. Бірақ сіз бүгінгі күнмен нәтиже шығара алмай, ертеңді қалай ойлайсыз, оған қалай қадам басасыз.
Бәрін шешетін бүгінгі күн екенін ұмытпаңыз. Себебі сіз бүгін, тап бүгін өзгере аласыз, сіз бүгіннен бастап жақсы жаққа бет бұрасыз немесе, керісінше, бүгіннен бастап жұмысқа кірісесіз, бүгіннен бастап арманның қиял, ал мақсаттың іс екенін сезінесіз.
Бүгін үй алуға шамаңыз жетпесе, ертең үй аламын деп армандамаңыз;
Бүгін көлік алуға ұмтылмай, ертең алармын десеңіз, тағы да ұтылдыңыз;
«Бүгін ерте, ертең де кеш емес» деген сөзден аулақ болыңыз;
Сіз бүгін табысқа жетпей, ертең табысты болып кетпейсіз;
Ертеңнің бүгінгі күннен айырмасы жоқ. Онда ешқандай сиқыр жоқ. Тек еңбек бар;
Бүгін қиналсаңыз, ертең жемісін көресіз;
Бүгін әрекет етпей, ертеңнен жақсы дүние күтпеңіз;
Біз бәрін алдағы уақытта есептейміз. Біз бәрін ертең келетін күнге артып қоямыз. Қызық, ертеңгі күннің тосын сый жасайтынын қайдан білесіз? Себебі сіз оған дайын емессіз. Дайын асқа тік қасық болғанды қоғам да ұнатпайды. Сондықтан әрбір істі, ойды, еңбекті бүгін бастаңыз. Бүгін – бәрін шешетін күн.
Іске сәт!