Есте сақтау қабілетімізді қалай жақсартамыз? Есте сақтау қабілетін жаттықтырудың бірнеше ережесі бар. Ол ережелер аса қиын емес, бірақ күнделікті қайталанып орындалуы тиіс.
1. Егер солақай болмасаңыз, тісіңізді сол қолыңызбен тазалаңыз. Осылайша миыңыздың екінші бөлігі жақсы жұмыс істейтін болады. Немесе керісінше...
2. Дүкеннен сатып алатын затты есте сақтауға жаттығыңыз. Әйтпесе жақын уақытта дүкенге бару мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
3. Кино көріп болған соң, оны міндетті түрде ойша бастан-аяқ елестетіп, болған оқиғаларды жүйелеңіз. Бұған небары 20 секунд ғана уақыт кетеді. Ал нәтижесі мол.
4. Әр күн сайын жаңа әдебиет оқыңыз. Аптасына 1 кітаптан кем болмасын. Нәтижесінде бір жылда 52 кітап оқисыз. Ал 10 жылда 520 кітап.
5. Егер жадыңыздың өте мықты болғанын қаласаңыз, аптасына бір өлеңнен жаттаңыз. Осылайша бір жылда 52 өлең жаттайсыз.
Серуендеңіз, үнемі қозғалыста болыңыз. Грек жаңғағын, балды, теңіз орамжапырағын тұтыныңыз. Шылымнан бас тартыңыз! Ғашық болыңыз! Ғашықтық қандағы оксид азотын өндіреді. Ал қандағы оксид азоты мидың жылдам жұмыс істеуіне әсер етеді.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru